Оқиға

Әскери бөлімдегі төтенше жағдай: қоймада Арыстан әкелінген оқ-дәрілер сақталған

© Sputnik / Анатолий Устиненкотротилды шашка, архив сурет
тротилды шашка, архив сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2021
Жазылу
Инженерлік оқ-дәрілер қоймасында жалғасып жатқан өрт сол жерде сақталған тротилдың жануынан туындауы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым – Sputnik. Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысындағы әскери бөлімдегі өртке сипаттама берді. Өрт динамикасына қарағанда қоймада инженерлік оқ-дәрілер сақталған.

Қорғаныс министрі, төтенше жағдайлар министрі және қорғаныс ведомствосының комиссиясы мінген ұшақ Жамбыл облысына ұшып келді.

Лауазымды тұлғалар оқиға орнына жетті.

"Инженерлік оқ-дәрілердің жанып жатқанын өрттің динамикасынан байқауға болады. Инженерлік оқ-дәрілер қоймасында жалғасып жатқан өрт сол жерде сақталған тротилдың жануынан туындауы мүмкін. Аспандағы түтін іздері қоймада сақталған сигналдық патрондардың өртенуіне байланысты болуы да ықтимал. Арыс қаласындағы өрт салдарын жойғаннан кейін аталған қоймаға инженерлік оқ-дәрілердің бір бөлігі шығарылғанын айта кеткен жөн. Бұл қоймада алысқа ұшып жарылатын снарядтар жоқ", - деді ведомстводағылар.

Қоймаларда жер асты сақтау орындары жоқ

Қорғаныс министрі оқиға орнында Жамбыл облысының әкімімен, төтенше жағдайлар министрімен, мемлекеттік органдардың жедел штаб басшыларымен кеңес өткізді.

Оқиға салдарын жою мақсатында барлық мемлекеттік органдардың, оның ішінде қарулы күштер бөлімшелерінің, төтенше жағдайлар департаментінің, ішкі істердің, әкімдіктің, медициналық мекемелердің іс-қимылдары үйлестірілген.

Жамбыл облысындағы әскери бөлімнің инженерлік оқ-дәрілер қоймасында жарылыстар тоқтады, дегенмен өрт жалғасуда.

"Инженерлік оқ-дәрілер жердегі қоймаларда сақталады. Қоймаларда жер асты сақтау орындары жоқ. Осы әскери бөлімде оқ-дәрілердің басқа түрлері (артиллериялық, реактивті, зымырандық, атыс) сақталмайды. Инженерлік оқ-дәрілер арасында жарылыс кезінде сынықтары мен ірі қалдықтары ұшатын снарядтар жоқ. Сонымен қатар түрлі жарылғыш заттардың жанып, жарылуы салдарынан соққы толқыны, ауқымды жалын мен қатты дүмпулер орын алуы ықтимал", - делінген министрлік хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, 26 тамызда 19.00 шамасында Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қоймалардың бірінде шыққан өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Әскери бөлімнің өрт сөндіру командалары мен шынжыр табанды арнайы өрт сөндіру техникасы, сондай-ақ Жамбыл облысы бойынша төтенше жағдай департаментінің өрт сөндірушілері жұмылдырылды. Бұл бөлім Тараз қаласынан шамамен 18 шақырым қашықтықта орналасқан.

Жамбыл облысындағы жарылыстан кейін Тараз қаласының №1 қалалық ауруханасына түрлі жарақатпен түскен адамдардың саны 60 адамнан асты.

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысындағы жарылыс: 1200 адам мектепке көшірілді

 

Жаңалықтар
0