Large Scale Exercise 2021: АҚШ ірі әскери оқу-жаттығу өткізіп жатыр

АҚШ 3 тамызда әскери-теңіз күштерінің соңғы 40 жылдағы ең ірі Large Scale Exercise 2021 оқу-жаттығуын бастады
Sputnik

Ол бес әскери-теңіз бірлестігін, АҚШ Теңіз жаяу әскері корпусының үш құрылымын және 17 сағаттық белдеуді қамтиды. 25 мыңнан астам әскери қызметші жұмылдырылды. Маневрлер 16 тамызға дейін жалғасады.

Қазақстан мен Ресей Каспий теңізінде бірлескен оқу-жаттығу өткізеді
Stars and Stripes басылымының ақпараты бойынша Large Scale Exercise 2021 (LSE) іс-шарасы америкалық флоттың ХХІ ғасырдағы кеме мен десанттық алғашқы оқу-жаттығуы болып отыр. Ол ауқымы бойынша НАТО әскери-теңіз күштерінің 1981 жылы өткен Ocean Venture оқу-жаттығуымен тепе-тең келеді. Жоспар бойынша үлкен кеңістікте теңіздегі шайқасты пысықтау, "қарсыласты" мұхитта іздеу, оны анықтау және көзін жою және шартты түрде ядролық қару қолдану орындалады.

Қырғи-қабақ соғыс стандарттарына қайта оралу арқылы АҚШ бір уақытта бірнеше майдан шебінде соғыса алатынын көрсетіп отыр. Яғни Қара теңізде, Жерорта теңізінің шығыс бөлігінде, Оңтүстік-қытай теңізінде және Шығыс-Қытай теңізінде әрекет ете алады.

LSE 2021 барысында америкалық әскери-теңіз күштері теңіз, экспедициялы және жағалау маңы операцияларының алуан түрлі икемділігін паш етуі керек. Сонымен қатар жоғары деңгейде соғыс әрекеттерін орындай алатынын көрсетуі қажет. Америкалық теңізшілер жоғары технологиялық сипаттағы қарсыласпен соғысуға дайын және дәлдігі жоғары қаруға төтеп бере алады деген болжам бар.

Америкалық стратегтер дәлдігі жоғары соққыларды бір уақытта басқару, яғни әуе, құрлық, теңіз, ғарыш және кибернетиканы қосу арқылы кез келген қарсыластың көзін жоюға болады деп санайды. Әскери-теңіз күштерінің бірлескен соғыс әрекеттерінің жаңартылған тұжырымдамасы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ алдынан кесе көлденең шықпаған "даулы логистиканы" да есепке алып отыр.

АҚШ-тың 6-шы флотының қолбасшысы Джин Блэк біраз бұрын "LSE біздің командирлермізді тактикалықтан бастап стратегиялыққа дейін әскери-теңіз операцияларының бүкіл спектрі бойынша сынақтан өткізеді. Сонымен қатар флот мүмкіндіктерін паш ету үшін ашық теңізден жағалауға дейінгі бірлескен операциялар теңіз жаяу әскері корпусымен бірлесіп өтеді" деген мәлімдеме жасады.

АҚШ тарихындағы ең нашар президент кім - америкалық тарихшылардың рейтингі
Әйтсе де мамандар 36 кеме және теңіз жаяу әскерінің үш бірлестігімен Қара, Жерорта, Оңтүстік-Қытай және Шығыс-Қытай теңіздерінде басым күшке ие болу мүмкіндігіне күмәнмен қарап отыр. Себебі АҚШ әскери-теңіз күштері саны мен даму қарқыны бойынша әлеуетті қарсыластарынан қалып отыр.

Батыс аналитиктерінің мәліметі бойынша Қытай мен Ресейдің әскери флоты теңізде басымдыққа ие болып отыр – 490 америкалық су көлігіне қарсы 1380 кеме. Американың әскери-теңіз күштері кеме саны бойынша әлемде тек төртінші (490) орынға ие. Ол Қытай (777), Ресей (603) және Корея халықтық-демократиялық республикасынан (492) кейін тұр.

LSE 2021 маневрлері тек АҚШ-тың әскери-теңіз күштерін қамтып отырғанымен, болашақта Американың одақтастары мен серіктестері де тартылуы мүмкін. Қазір америкалық маневрлердің "жабық" сипатта өтуі 2020 жылдың қазанында өткен стратегиялық модельдеу кезінде жіберілген қатемен жұмыс секілді көрінеді.

АҚШ ӘТК әскери-теңіз операциялары басқармасының басшысы адмирал Майкл Гилдей Large Scale Exercise 2021 маневрлері соғыс әрекеттерін жүргізу тұжырымдамасын сынап, көп жылға сабақ болатын тәжірибе алуға көмектесетінін айтты. Ол соғыс жүргізу тұжырымдамасы АҚШ-тың алдағы уақытта сатып алатын, инвестиция салатын жобаларына бағдар беріп, қалай соғысу қажеттілігі бойынша ақпарат ұсынатынын мәлімдеді.

АҚШ ӘТК Тынық мұхиты флотын басқарушы адмирал Кристофер Грейди LSE 2021 кезінде "әскери-теңіз соғысы бағытын дамытып", технологияларды эксперименттен өткізу, бірнеше әскери-теңіз бірлестігінің соғыс қуатын біріктіре пайдалануды көздеп отыр. Алайда сарапашылар америкалық әскерилердің мәлімдемелері көп жағдайда шындыққа жанаспай тұрғанын, мұның асыра сілтеу екенін айтып жатыр.