Қазақстан мен Ресей Каспий теңізінде бірлескен оқу-жаттығу өткізеді

© Sputnik / Денис Абрамов / Медиабанкке өтуУчения корабельных сил Каспийской флотилии
Учения корабельных сил Каспийской флотилии - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2021
Жазылу
Қазақстан мен Ресейдің бірлескен әскери-теңіз оқу-жаттығулары екі елдің қорғаныс қабілетін, Каспий аймағы мен Орталық Азия аймағының қауіпсіздігін арттырады

18-24 мамыр аралығында Қазақстанның әскери-теңіз күштері мен Ресей әскери-теңіз флоты Каспий филотилиясының біріккен кеме тобы артиллериялық оқ атулар мен әуедегі шабуылдан қорғаныс тапсырмаларын орындайды, минаға қарсы және диверсияға қарсы әрекеттерді пысықтайды.

Бүгінде ресейлік кемелер Ақтау портының жанындағы Қазақстанның аймақтық суларына жетті де, Қазақстан Республикасының әскери-теңіз күштерімен өзара әрекеттесу арқылы алдын ала белгіленген тапсырмаларды орындауға кірісті.

Учения Кобальт-2018 коллективных сил ОДКБ - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2021
Қоғам
2021 жылы ҰҚШҰ бірнеше оқу-жаттығу өткізеді
Қазақстанның әскери-теңіз күштерінен оқу-жаттығуға бес негізгі және қамтамасыз ету кемесі қатысады. "Қазақстан", "Орал", "Сарыарқа" және "Маңғыстау" зымыран-артиллериялық кемелері әлдеқайда жиі қолданылады әрі жауынгерлік кеме болып саналады. Бұл су көліктері бірнеше жылдан бері тәжірибелік оқ атуларды сәтті орындап, Каспий теңізінің қазақстандық секторында оңтайлы оперативтік режимді ұстап тұр және жыл сайын мыңдаған шақырымды жүріп өтуде.

Жоспар бойынша оқу-жаттығу кезінде теңіздегі және әуедегі нысандарға жауынгерлік оқ ату, әскери жүзушілер бөлімшелерін тарту арқылы минаға қарсы және диверсияға қарсы әрекеттер орындалады. Қазақстан мен Ресейдің теңіз әскерилері кеме қатынасындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, терроризммен күрес, экономикалық нысандарды күзету және қорғау элементтерін пысықтайды. Сонымен қатар әскери кеме экипаждары әуедегі және су үстіндегі жағдай туралы мәліметтермен алмасады.

Бірлескен әскери-теңіз оқу-жаттығулары қарқынды сипатта өтеді және олар Қазақстан мен Ресей флотилияларының соғысқа дайындығын растап, экипаждардың арнайы дайындық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Қазақстанның әскери-теңіз күштерінің құрамында шамамен үш мың әскери қызметші бар. Бұл филотилия айтарлықтай жас, сәуірде құрылғанына 28 жыл толуын атап өтті. Әйткенмен қазақстандық ӘТК осы уақыт аралығында үлкен тәжірибе жинақтап үлгерді (экипаждар жыл сайын 240 тәулікті теңізде өткізеді).

Ресей мен Қазақстанның бірлескен оқу-жаттығулары тұрақты түрде өткізіліп келеді. Кадрлар даярлау саласында Қазақстан ӘТК мен Ресей ӘТФ арасында ынтымақтастық қалыптасқан. Санкт-Петербургтегі әскери-теңіз академиясында қазақстандық офицерлер кеме командирлері, жауынгерлік бөлім командирлері, флагман мамандар курстарынан өтеді және ҚР курсанттары әскери-теңіз мамандықтарын игеріп жатыр.

Ресей мен Қазақстан арасындағы қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың қарқыны артып келеді. Екі ел арасындағы әскери ынтымақтастық туралы жаңартылған келісім қорғаныс министрлерінің орынбасарлары деңгейінде тұрақты консультациялардан тұратын қорғаныс саясатын үйлестірудің жаңа механизмін әзірлеуге мүмкіндік береді. Ресейлік-қазақстандық бірлескен оқу-жаттығулар тәжірибесін барлық жауынгерлік салада қолдану көзделіп отыр.

Қазақстан ӘТК шағын екеніне қарамастан, тиімді қорғаныс жүргізу және террористермен күресуге мүмкіндік беретін заманауи және қуатты әскери техникаға ие. Біраз бұрын ӘТК бас қолбасшысы контр-адмирал Сәкен Бекжанов Қазақстанның әскери-теңіз күштері міндеттердің кең аясындағы тапсырмаларды орындауға қабілетті соғысуға қауқарлы организм екенін мәлімдеді. ӘТК құрамында түрлі типтегі кемелер бар. Анығырақ айтсақ, мина-торлы және зымыран-ариллериялық кемелер, көмекші кемелер, жауынгерлік және материалдық-техникалық қамсыздандыру кемелері бар.

Казахстанские разведчики провели учебные стрельбы - брутальное видео  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2021
Видео
Қазақстандық барлаушылар атудан оқу-жаттығу өткізді – видео
Әскери қуатты бағалайтын Global Firepower әлем рейтингінің мәліметі бойынша, Қазақстан ӘТК құрамында 15 кеме, сондай-ақ теңіз жаяу әскері, теңіз авиациясы және жағалау артиллериясының бөлімі бар. ӘТК негізгі базасы Ақтау қаласында орналасқан және пирсте оннан астам кеменің тұрақтауын қамтамасыз етіп тұр.

Алуан түрлі флотилия қарқынды дамып келеді және түрлі жылдары 0250 жобасының төрт зымыран-артиллериялық кемесін, Sea Delphin тектес үш артиллериялық катер, "Turk" типіндегі бір артиллериялық катер, "Алатау" мина-торлы кемесін алды. 2012 жылы Оралда құрастырылған "Қазақстан" зымыран-артиллериялық кемесі флагмандық техника болып саналады.

Қазақстан әскери-теңіз күштерінің маңызды міндеттерінің бірі - экономикалық нысандардың қауіпсіздігін және Каспийдің табиғи ресурстарын қорғауды қамтамасыз ету. Бұл міндеттердің сипаты жекелеген бағыттардың жедел дамуын, оның ішінде арнайы мақсаттағы бөлімшелерді, диверсияға қарсы қызметті, суасты миналау және миналарды жою технологияларын қалыптастырады. Осылайша Каспийдегі айлақтар мен жағалау бөлігінің акваторияларын минаға қарсы қорғанысты қамтамасыз ететін заманауи "Алатау" мина-торлы кемесімен нығайтылды. Сонымен қатар Каспий теңізінің су астындағы акваториясын қорғау үшін "Гидроприбор" Қазақстан ғылыми-зерттеу институты әзірлеген мобильді сүңгуір кешені жеткізілді.

10750Э жобасының "Алатау" мона-торлы кемесі Санкт-Петербургтегі Орта-Невск кеме жасау зауытында вакуумдық инфузия әдісімен монолитті корпусты құю технологиясы арқылы дайындалды. Шыны пластикадан дайындалған қондырма мен корпусы конструкцияның беріктігін 15%-ке арттырып, кеме салмағын 10%-ке төмендетті. Кеме Alister 9 дербес суасты аппараттарымен, мина жоюшы техникамен жабдықталған және 30 миллиметрлі АК-306 артиллериялық қондырғысымен, 12,7 милллиметрлі "Корд"пулеметпен және жылжымалы "Игла" зениттік-зымыран кешенімен қаруланған. Экипажы 15 адамнан тұрады. Су сыйымдылығы – шамамен 165 тонна. "Алатау" Каспий теңізінің қазақстандық секторында мина және басқа да жарылу қаупі бар қауіпті заттарды іздеу және олардың көзін жоюға арналған.

Қазақстан ӘТК-нің дамып жатқан технологиялық мүмкіндіктері ретінде "Гидроприбор" мекемесі әзірлеген мобильді сүңгуір кешенін атауға болады. Кешен сүңгуірлер жұмысқа кіріскенде қажетті қамтамасыз ету модульінен, ашық және жабық типтегі тыныс алу аппараттарынан, теңіздегі жұмыстарға арналған арнайы қайықтан тұрады.

Қазақстанның әскери-теңіз күштері заманауи техникамен жабдықталу жағынан Каспий маңы мемлекеттерінен еш кем түспейді. Тіпті кейбір бағыттар бойынша озық келе жатқаны да жасырын емес. Сондықтан теңіздегі Қазақстан-Ресей бірлескен оқу-жаттығулары жерүсті кемелері экипаждары  мен арнайы бөлімшелерінің жауынгерлік даярлығы бойынша тәжірибе алмасу, екі елдің қорғаныс қабілетін арттыру үшін пайдалы болып отыр.

Жаңалықтар
0