Қоғам

Денсаулық министрлігі өткен тәулікте қанша адамның қайтыс болғанын жариялады

Қазір коронавирус инфекциясынан 43 мыңнан астам адам емделіп жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. Өткен тәулікте 35 адам коронавирустан, 6 адам ковидтік пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда мұғалімдердің 85%-і коронавирусқа қарсы екпе алды

13 шілдедегі мәлімет бойынша 43 835 адам коронавирус инфекциясынан (42 433 КВИ+ және 1 402 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 027 пациент стационарда,  29 808 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 846 адамның жағдайы ауыр,
  • 193 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 106 пациент жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.