НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. Өткен тәулікте 35 адам коронавирустан, 6 адам ковидтік пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда мұғалімдердің 85%-і коронавирусқа қарсы екпе алды
13 шілдедегі мәлімет бойынша 43 835 адам коронавирус инфекциясынан (42 433 КВИ+ және 1 402 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 027 пациент стационарда, 29 808 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 846 адамның жағдайы ауыр,
- 193 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 106 пациент жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.