Қоғам

Нұр-Сұлтанда мұғалімдердің 85%-і коронавирусқа қарсы екпе алды

© AFP 2024 / JON CHERRYДети в масках перед началом занятий в школе
Дети в масках перед началом занятий в школе - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.07.2021
Жазылу
Қыркүйек айында мектептерді дәстүрлі оқыту форматына көшіру үшін вакцина алу қажет

НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында қыркүйек айында мектептерді қалыпты оқыту форматына көшіру үшін мұғалімдерді де, өзге де мектеп қызметкерлерін вакциналау қажет екенін мәлім етті.

Қала әкімі мектеп - балалар өзін қауіпсіз сезінетін, ал ата-аналар баласы үшін алаңдамайтын орын болуы керек екенін атап өтті. Пандемия оқыту форматын онлайн режимге көшуге мәжбүр етті. Мұғалімдер тарапынан жедел шаралар қабылданғанына қарамастан дәстүрлі, яғни офлайн форматтағы оқытуға ешнәрсе жетпейді.

"Қыркүйек айында мектептерді қалыпты оқыту форматына көшіру үшін мұғалімдерді де, өзге де мектеп қызметкерлерін вакциналау қажет. Бұл денсаулықты қорғауға, инфекцияны тоқтатуға және коронавирустың жаппай таралуын шектеуге көмектеседі. Қазіргі уақытта мектеп мұғалімдерінің 85%-і вакцина алды. Мысалы, №3, №7, №13, №21, №33, №34, №39, №46, № 81 мектеп-гимназиялары 100% иммундаудан өтті" ,- деп жазды Көлгінов.

Педагогтардың барынша жауапкершілік танытқаны қуантады. Дегенмен, бірқатар оқу орнында вакцина алғандар пайызы әлі де төмен. Мұғалімдермен (мектептер/колледждер) онлайн режимде жаңа оқу жылына дайындық мәселелері талқыланды.

Ол сондай-ақ соңғы күндері қалада инфекция жұқтырғандар саны артып жатқанын ескертті. Қосымша жұқпалы аурулар стационарлары ашылуда.

Оқи отырыңыз: Міндетті вакцинация мерзімі қайта қаралады

Тәулік сайын 300-ге жуық науқас ауруханаға жатқызылады. Дәрігерлер атап өткендей инфекция жұқтырғандар қатары коронавирустың жаңа штаммының пайда болуына, яғни "Дельта штаммына" (үнді штаммы деген атаумен белгілі) байланысты болып отыр. Бұл — коронавирустың аса қауіпті түрі, жылдам таралып, тез жұғады.

Қалада 100 вакциналау пункті жұмыс істейді, сондай-ақ егу орындары СОО-ларда, СҮ-лерде және т.б. орындарда бар.

Қазір 286 мыңға жуық адам вакциналанды. Соңғы апталарда вакцина алғысы келетіндер саны 7 есеге дейін өсті.

Жаңалықтар
0