Өңірлер

Түркістан облысының тұрғыны жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды

Сот мас жүргізушіні 15 тәулікке әкімшілік қамауға алуға, сонымен қатар 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыруға үкім етті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Түркістан облысында жүргізуші жеті жылға көлік басқару құқығынан айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.  

Павлодарда мас күйде көлік жүргізген әйелдің төрт баласын алып қойды
Жетісай АПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің патрульдік полиция тобының инспекторлары күндізгі сағат 10:30 шамасында Асықата кенті көшелерінің бірінде Toyota Camry көлігінен күдіктеніп, тоқтатқан.

Тексеру кезінде көлік ішінен спирттік ішімдіктің ыдысы табылды. Сондай-ақ жүргізуші ішімдік ішкен деген күдікке ілініп, медициналық куәландырудан өткізілді. Нәтижесінде тұрғынның "орта дәрежелі" мас екені белгілі болды.

Полицейлер көлікті айып тұрағына қойды. Жинақталған іс-құжаттар заңды шешім шығару үшін аудандық сотқа жолданды.

Жетісай аудандық соты ішімдік ішіп көлік рөліне отырған жүргізушіні кінәлі деп танып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алуға, сонымен қатар 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыруға үкім етті.