НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым – Sputnik. Қазақстан коронавируспен ауырғандар санының артуына байланысты эпидемиологиялық қолайсыз аймаққа енді.
COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, республика бір күн бұрын "сары" аймақта болған, ал бүгін "қызыл" аймаққа орын ауыстырды.
Оқи отырыңыз: Назарбаев вакцина салдырды
Өңірлердегі жағдай сенбімен салыстырғанда өзгеріссіз қалды.
"Қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары орналасқан.
"Сары" аймақта: Шымкент қаласы, Қостанай және Маңғыстау облыстары.
"Жасыл" аймақта: Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары.