Қоғам

Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа кірді

© Sputnik / Абзал КалиевСветофор с "грустным" смайликом по улице Туркестан в Нур-Султане
Светофор с грустным смайликом по улице Туркестан в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.06.2021
Жазылу
Өткен тәулікте Қазақстанда 1672 адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны ПТР-тест арқылы расталды

НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым – Sputnik. Қазақстан коронавируспен ауырғандар санының артуына байланысты эпидемиологиялық қолайсыз аймаққа енді.

COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, республика бір күн бұрын "сары" аймақта болған, ал бүгін "қызыл" аймаққа орын ауыстырды. 

Оқи отырыңыз: Назарбаев вакцина салдырды 

Өңірлердегі жағдай сенбімен салыстырғанда өзгеріссіз қалды.

"Қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды ​​облыстары орналасқан.

"Сары" аймақта: Шымкент қаласы, Қостанай және Маңғыстау облыстары.

"Жасыл" аймақта: Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Жаңалықтар
0