Оқиға

Нұр-Сұлтанда жол апатынан жүргізуші көз жұмды

Талапкер ауылына қарай кетіп бара жатқан Shacman маркалы көлігі маневр кезінде "Nexia" автокөлігімен соқтығысқан
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтанда жүк көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, салдарынан бір адам мерт болды.

Батыс Қазақстанда жол апатынан кейін бірден бес адам жансақтау бөліміне түсті
Трагедия бүгін сағат 12:18-де болды, деп хабарлайды елорданың полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Shacman маркалы көлігінің 34 жастағы жүргізушісі Астрахань тас жолымен Талапкер ауылына қарай бара жатып, маневр кезінде бір бағытта келе жатқан "Nexia" автокөлігімен соқтығысты.

Салдарынан жеңіл көліктің 52 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Нұр-Сұлтан қаласының полициясы жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.