НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтанда жүк көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, салдарынан бір адам мерт болды.
Трагедия бүгін сағат 12:18-де болды, деп хабарлайды елорданың полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Shacman маркалы көлігінің 34 жастағы жүргізушісі Астрахань тас жолымен Талапкер ауылына қарай бара жатып, маневр кезінде бір бағытта келе жатқан "Nexia" автокөлігімен соқтығысты.
Салдарынан жеңіл көліктің 52 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.
Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Нұр-Сұлтан қаласының полициясы жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.