НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Орал-Ақсай тас жолында болған жантүршігерлік апаттан сегіз адам жарақат алды. Олардың бесеуі, оның ішінде бір жасар бала жансақтау бөліміне жатқызылды, деп хабарлады "Мой город" порталы.
Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ВАЗ-21103 және Volkswagen Sharan бүгін күндіз соқтығысқан.
"Бөрлі - Ақсай - Жымпиты автожолының 27-шақырымында ВАЗ-21103 және Sharan маркалы көліктер Ақсай қаласына қарай бір бағытта келе жатқан. 37 жастағы Sharan жүргізушісі Пугачево ауылы тұсындағы қиылыста бұрылған, ал 27 жастағы ВАЗ-21103 жүргізушісі көлікті басып озуға әрекеттенген. Осылайша көліктер соқтығысты. Олардың ішінде 8 адам болды, олардың бесеуі жансақтау бөліміне жеткізілді, оның ішінде бір жасар бала бар", - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жедел жәрдемге қоңырау соғылғаннан кейін дәрігерлер бес минуттан соң апат орнында болғанын хабарлады.