Өңірлер

Шығыс Қазақстанда ауладағы құдыққа құлап кеткен екі бала көз жұмды

Өскемен қаласы мен Глубокое ауданында үйдің ауласында қайғылы оқиға болды: ойнап жүрген балалар кәріз құдығына құлап кеткен
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында өткен аптада екі бала құдыққа құлап көз жұмды, деп хабарлады Алтайньюс.

Қостанай облысында бір жарым жасар сәби ауладағы құдыққа түсіп кетті
ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 7 маусым күні Өскеменде 3 жасар қыз "Ана мен бала орталығына" жеткізілгені туралы ақпарат келіп түскен. Ол жеке үйдің ауласында ойнап жүріп, кәріз құдығына құлап кеткен.

Дәл осындай қайғылы оқиға 9 маусым күні Глубокое ауданында қайталанды.

"Глубокое аудандық полиция бөліміне 3 жасар баланың жансақтау бөліміне түскені туралы хабар келді. Бала ауладағы құдыққа шығып ойнап отырған сәтте қақпағы төңкеріліп, бала ішіне түсіп кеткен", - дейді полиция қызметкерлері.

Бала ауыр жарақатпен ауруханаға жатқызылып, артынша көз жұмды.