Өңірлер

Қостанай облысында бір жарым жасар сәби ауладағы құдыққа түсіп кетті

CC0 / freestocks-photos / Құдық, архивтегі сурет
Құдық, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2021
Жазылу
Баланы әкесі тапқан, өкінішке қарай, сәбиді құтқару мүмкін болмады. Полицияның ақпаратынша, ата-анасы трагедия кезінде үй шаруасымен айналысып жүрген

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Қостанай облысында ауылда бір жарым жасар сәби ауладағы құдыққа құлап көз жұмды, деп хабарлайды alau.kz.

По улице Кабанбай батыра женщина упала в колодец - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2021
Өңірлер
Ақсуда мектеп оқушысы бес метрлік құдыққа құлап кетті
Қайғылы оқиға 24 мамыр Федоров ауданы Костряковка ауылында болды.

Қостанай облысы полиция департаментінің ақпаратынша, жер үйдің ауласында бір жарым жасар сәби қараусыз қалған құдыққа түсіп кеткен.

Баланы әкесі тауып алды. Өкінішке қарай, сәбиді құтқару мүмкін болмады.

"Отбасы толық, есепте тұрған жоқ, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Трагедия кезінде ата-анасы үй шаруасымен айналысып жүрген", - деді полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Жаңалықтар
0