Қоғам

Қазақ-қытай шекарасындағы өткізу бекеттері жабылады – ҰҚК себебін айтты

Дүйсенбі, 14 маусымда Қытай халқы "Дуань-У" мерекесін тойлайды, осыған байланысты өткізу бекеттерін уақытша жабу туралы шешім қабылданды
Sputnik

АЛМАТЫ, 12 маусым – Sputnik. Қазақстан-Қытай шекарасындағы "Нұр жолы" және "Достық" автомобиль өткізу пункттері уақытша жабылады.

"Бір жылға жуық кептелісте тұр": депутат қазақ-қытай шекарасындағы жағдайға ашынды
ҚР ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткізу бекеттері 2021 жылдың 14 маусымында жұмыс істемейді.

Бұл Қытай тарапының "Дуань-У" (айдаһар қайықтары мейрамы) мерекесін тойлауына байланысты қабылданған шешім.

Қазір қазақ-қытай шекарасында 2 теміржол өткізу пункті ("Достық" және "Алтынкөл") және 3 автомобиль ("Нұр жолы", "Достық", "Бақты") пункті жұмыс істейді. Карантинге байланысты олар тек жүк пен тауар өткізеді.

ҰҚК көрсетілген өткізу пункттері арқылы жүк көліктерінің қозғалыс уақытын алдын ала түзету қажет екенін еске салды.