Фото

Жасанды интеллект: Ай-Да салған суреттер – фото

Sputnik

Робот-суретші Ай-Да ұсынған автопортреттер топтамасын көптеген сыншылар көркемдік құндылығы жоғары деп бағалады.

Ай-Да 2019 жылы құрастырылғаннан кейін TEDx конференциясында баяндама жасап, бүгінде жеке көрмесі аясында қызу еңбектеніп жатыр. Роботты құрастырушылар адамгершілік пен технология арасындағы шекара жайында адамдарға ой салуды өз мақсаттары деп танитындарын айтты.

Ал Ай-Да не себепті ол өзінің суретін салуға құмартқаны туралы сұраққа "маған қарағанда адамдар нені көретінін түсінгім келеді" деп жауап берген.

Оқи отырыңыз: Istanbul Photo Awards-2021 фотобайқауы: қандай сурет жеңімпаз атанды – фото

Роботтың автопортреттері көрерермен назарына ұсынылған Лондон музейіндегі Ай-Да көрмесін ұйымдастырушылардың бірі жасанды интеллекттің рөлі туралы пікірталас бүгінде өте өзекті болып отырғанын айтты. Бұған адам баласының пандемияға байланысты екінші жыл қатарынан үйқамақта отыруы кезінде жасанды интеллект ұсынған мүмкіндіктерді пайдалануы да себеп.

Суретшілердің пікірінше, "Ай-Да: робот портреті" көрмесі автопортрет мәселесінде сұрақтарға түрткі болып, адамзат пен өнердің арасындағы сәйкестікке қатысты күмән тудырып отыр. Ай-Да жұмыстары ішкі "мен" дегені жоқ адамның "селфиін" бейнелей отырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашып отыр.

1 / 8
Жасанды интеллектісі бар андроид-суретші Ай-Да бірнеше компанияның бірлескен еңбегі мен жасанды интеллект саласындағы ең заманауи технологияларды пайдалануы арқасында құрылды. Оны құрастыру аясында бағдарламашылар, робототехника мамандары, өнер психологтары жұмыс істеді.
2 / 8
Лондонда Ай-Да картиналарының көрмесі ұйымдастырылып қана қоймай, сондай-ақ әлемдегі ультра шынайы робот-суретшіні құрастыру туралы мағлұмат беретін стендтер де көрермен назарына ұсынылған.
3 / 8
Галерея директоры және өнертапқыш Эйдан Меллер суретші-робот Ай-Дамен бірге суретке түсіп тұр. Оған бұл есім тұңғыш бағдарламашы саналатын ағылшын математигі Ада Лавлейстің құрметіне берілген.
4 / 8
Ай-Да не себепті ол өзінің суретін салуға құмартқаны туралы сұраққа "маған қарағанда адамдар нені көретінін түсінгім келеді" деп жауап берген.
5 / 8
"Біздің мақсатымыз – сіздерге сұрақтар қоюда батылдық танытып, жаңа технологиялар игі немесе теріс мақсатта қолданылып жатыр ма, осы жайында ұжымдық сипатта ой салып, бүгінде зақымдалып жатқан қоршаған орта мен қамаудағы жануарлар жайын еске салу", - дейді Ай-Да роботын құрастырушылар. Суретте: жасанды интеллектісі бар суретшінің жұмысы 2019 жылы Ай-Да роботтың "Қамсыздандырылмаған фьючерстер" атты жеке көрмесінде ұсынылды.
6 / 8
Механикалық қолдары бар суретшінің айтуынша, ол автопортрет салуға 45-75 минут уақыт жұмсайды.
7 / 8
Ай-Да бұл суреттерді роботтандырылған қолдарымен салады. Ол үшін жасанды интеллекттің арнайы алгоритмдері әзірленді.
8 / 8
Робототехника, программалау, жасанды интеллект саласындағы бірнеше британдық компания құрастырған робот-суретші Ай-Даның алғашқы туындыларының бірі.