АЛМАТЫ, 25 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысына "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" акционерлік қоғамының қазіргі жұмысы мен негізгі қаржылық көрсеткіштері, кәсіпорындағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуал, сондай-ақ, қор қызметкерлеріне екпе егу барысы туралы баяндалды", - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ президентке инфрақұрылым, мұнай-газ және энергетика бағытындағы маңызды жобалардың жүзеге асырылу барысы баяндалды.
Алмасадам Сәтқалиев мемлекет басшысына газ тасымалдау инфрақұрылымын жаңғырту, Қашаған кен орнындағы газды қайта өңдеу зауытының құрылысы, "Астрахан-Маңғышлақ" магистральді су таратқышы мен "Достық-Мойынты" теміржол көлік дәлізін қайта жаңғырту жоспарын айтты.
Оқи отырыңыз: Тоқаев республикалық бюджетке енгізілген өзгерістерді бекітті
Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшысы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және қазақстандық өнімнің үлесін арттыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.