Экономика

Тоқаев "Самұрық-Қазына" төрағасын қабылдады

© Sputnik / Владислав ВодневРезиденция президента Казахстана Акорда
Резиденция президента Казахстана Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2021
Жазылу
Тоқаев "Самұрық-Қазына" төрағасына қазақстандық өнімнің үлесін арттыруға қатысты тапсырма берді

АЛМАТЫ, 25 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

"Мемлекет басшысына "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" акционерлік қоғамының қазіргі жұмысы мен негізгі қаржылық көрсеткіштері, кәсіпорындағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуал, сондай-ақ, қор қызметкерлеріне екпе егу барысы туралы баяндалды", - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ президентке инфрақұрылым, мұнай-газ және энергетика бағытындағы маңызды жобалардың жүзеге асырылу барысы баяндалды.

Алмасадам Сәтқалиев мемлекет басшысына газ тасымалдау инфрақұрылымын жаңғырту, Қашаған кен орнындағы газды қайта өңдеу зауытының құрылысы, "Астрахан-Маңғышлақ" магистральді су таратқышы мен "Достық-Мойынты" теміржол көлік дәлізін қайта жаңғырту жоспарын айтты.

Оқи отырыңыз: Тоқаев республикалық бюджетке енгізілген өзгерістерді бекітті 

Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшысы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және қазақстандық өнімнің үлесін арттыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Жаңалықтар
0