Қоғам

ҰБТ тапсыруға келген 287 түлек аудиториядан шығарылды

87 түлек тестілеуге кіргізу кезінде аудиторияға тыйым салынған заттарды алып кіруге тырысқаны үшін ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр — Sputnik. Ұлттық бірыңғай тестілеу ережесін бұзғаны үшін аудиториядан 287 адам шығарылды, деп хабарлады білім және ғылым министрлігі.

Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ сұрақтарында қандай өзгеріс болатынын хабарлады
Бүгінгі күні 75 мыңнан астам талапкер 51 тестілеу пунктінде ҰБТ тапсырды. Оның ішінде 52 512 түлек тестілеуді қазақ тілінде, 19 622-і орыс тілінде, 182-і ағылшын тілінде тапсырды. 5 пән бойынша орташа балл 68,94 құрайды, ең жоғары балл – 138.

"Ұлттық бірыңғай тестілеу штаттық режимде өтіп жатыр. Бүгінгі таңда 87 түлек тестілеуге кіргізу кезінде аудиторияға тыйым салынған заттарды алып кіруге тырысқаны үшін ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу ережесін бұзғаны үшін аудиториядан 287 адам шығарылып, олардың тестілеу нәтижелері жойылды", – деді БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов.

Тестілеуге кіргізу кезінде 8 түлектің дене қызуы көтеріліп, бұл түлектер ҰБТ-ны басқа күні бөлек тапсырады.

Естеріңізге сала кетейік, биыл түлектердің ҰБТ-ны екі рет тапсыру мүмкіндігі бар. Олардың ішіндегі нәтижесі ең жоғары сертификатпен мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға болады.