Қоғам

Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ сұрақтарында қандай өзгеріс болатынын хабарлады

© Sputnik / Владислав ВодневЦентр национального тестирования готовится принимать выпускников
Центр национального тестирования готовится принимать выпускников - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2021
Жазылу
Биыл тестің басты жаңалығы – Қазақстан тарихы мен Дүниежүзі тарихы бойынша нақты даталардың жариялануы. Биыл әр тест тапсырушыға датаға байланысты 3-4 сұрақ келеді

АЛМАТЫ, 11 мамыр – Sputnik. Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Дидар Смағұлов ҰБТ-ға қандай сұрақтар қосылғанын айтты. Сондай-ақ Абылай ханның атының тісі туралы сұрақтарға қатысты пікір білдірді.

Ол ҰБТ-да ондай сұрақ ешқашан болмағанын айтты.

"Кейбір ата-ана осындай тапсырманы емтиханға дайындап жатқан шағын жеке орталықтың байқау сынақтарынан көріп, бұл сұрақты ҰБТ базасымен байланыстыра бастады. Содан соң оны бұқаралық ақпарат құралдары бірден іліп алды да мүлде басқа ой қалыптасып шыға келді. Оны тіпті әлі күнге дейін беделді сарапшылар қолданып жүр. Мұндай сұрақтар болуы мүмкін емес: ең тәжірибелі педагогтер құрастырған әр тапсырма 2 тәуелсіз сараптамадан өтеді", - деп жазды Смағұлов Facebook парақшасында.

Айтуынша, тест тапсырмалары базаға қабылданар алдында тағы бір тексеруден өтеді.

"120 000 тест тапсырмасының әрқайсысының артында тұрған, сапасына жауапты нақты адамдардың аты-жөні бар. Министрдің тапсырмасымен тәжірибесі, жетістіктері мен кәсібилігі тұрғысынан әзірлеушілерге қойылатын талаптар күшейтілді. Әр тест тапсырмасының сапасы бойынша келісімшартта қосымша жауапкершілік енгізілді", - деді ол.

Сондай-ақ тест құрастырушылардың қара тізімі жасалған. Ол тізімге енген тест әзірлеушілері ұлттық тестілеу орталығы жұмысына қатысу мүмкіндігінен айырылады.

Орталық ішінде тестологиядан бірнеше оқыту курстары өткізілген, әр тестің сапасына байланысты жауапкершілік артқан. Сондай-ақ тестілеуді әзірлеуде орталық қызметкерлері туыстарының қатысуына тыйым салынды.

"Мұны қалай түсінеміз?": депутат Аймағамбетовтен ҰБТ мәселесін шешуді сұрады 

Айта кетейік, 2018 жылы апелляция қорытындысы бойынша 101 тест тапсырмасы қате деп танылса, 2019 жылы – 58, 2020 жылы мұндай 27 тест кездеседі. Ал 2021 жылдың наурызындағы ҰБТ қорытындысы бойынша апелляцияда тек 21 тест тапсырмасы қанағаттандырылды.

Дидар Смағұловтың сөзінше, жыл сайын есте сақтау қабілетін жаттықтыруға бағытталған тапсырмалар азайып жатыр. Оның орнына алған білімді іс жүзінде қолдануға бағытталған тапсырмалар көбейеді.

Оның айтуынша, биыл тестің басты жаңалығы – Қазақстан тарихы мен Дүниежүзі тарихы бойынша нақты даталардың жариялануы. Биыл әр тест тапсырушыға датаға байланысты 3-4 сұрақ келеді.

Жаңалықтар
0