Қоғам

Әлеуметтік желіде Назарбаевтың өзгеше суреті жарияланды

Егер адамдардың бәрі ауласына тал ексе, қалалар мен ауылдарда жыл сайын ағаш отырғызылса, біз "жасыл" елге айналамыз, дейді Елбасы
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президентінің баспасөз қызметі әлеуметтік желіде Нұрсұлтан Назарбаевтың ерекше суретін жариялады.

Бірінші суретте Елбасы гүлденген бақ аясында күлімсіреп тұрса, екіншісінде күшікпен түскен.

"Егер адамдардың бәрі ауласына тал ексе, қалалар мен ауылдарда жыл сайын ағаш отырғызылса, біз "жасыл" елге айналамыз. Жасыл желек – елді мекендердің "өкпесі", таза ауа, жанға сая. Біз оны болашақ ұрпақ үшін өсіреміз...", - деп келтірілген Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі.