21:11 12 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD433.15
  • EUR515.06
  • RUB5.61
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
799701

Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевтің әлем тарихына едәуір әсер еткен үлкен өзгерістерге ұйытқы болғанын атап өтті

АЛМАТЫ, 3 наурыз – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті 90 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Құттықтау хаттың мәтіні Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.

Құттықтауда КСРО экс-президентінің мемлекеттік қызметі үлкен құрметке лайық екені айтылған.

"Әлем тарихына едәуір әсер еткен үлкен өзгерістер сіздің есіміңізбен байланысты. Мерейтойыңызды күш-қуатыңыз сарқылмаған күйде қарсы алып, қажетті қоғамдық, гуманитарлық және ағартуға қатысты жобаларды жүзеге асырып, жұмысты жалғастырып жатқаныңыз қуантады. Біздің достық әрі сенімді қарым-қатынасты жоғары бағалаймын", - делінген құттықтауда.

Сөз соңында Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевке зор денсаулық, ұзақ өмір, бақ-береке тіледі.

Айта кетейік, Михаил Горбачев 1931 жылы 2 наурызда Ставрополь өлкесінде туған. Ол 1978-1985 жылдары КОКП орталық комитетінің хатшысы, 1985-1991 жылдары комитеттің бас хатшысы болды.

1989-1990 жылдары КСРО жоғары кеңесінің төрағасы болды. 1990 жылдың 15 наурызында КСРО президенті болып сайланды. 1991 жылдың 25 желтоқсанында телеүндеу жасап, КСРО президенті қызметінен кеткенін мәлімдеді.

Загрузка...

Басты тақырып