Қоғам

"Әбден жыладым": Назарбаевтың досының әпкесі Елбасының адамгершілігі туралы айтты

Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаев пен Николай Литошко жақсы дос болған. Олар Украинада бірге оқыды, кейіннен Теміртауда бірге жұмыс істеді. Кейін Микола тұңғыш президенттің шақыруымен астанаға келіп жұмыс істеді

АЛМАТЫ, 14 қыркүйек – Sputnik, Айгюзел Қадыр, Айгерім Таубай. Нұрсұлтан Назарбаевтың жақын досы, қазір марқұм болып кеткен Николай Литошко ұзақ уақыт бойы оның резиденциясында тұрып, жұмыс істеген. Қазақстанның болашақ тұңғыш президенті украин баласымен Днепродзержинскіде (қазіргі Каменское) оқып жүрген кезінде танысқан. Кейін жігіттер Теміртауда бірге жұмыс істеп, шойын шығарды.

Sputnik Қазақстан редакциясына қазір Грециядағы Санторини аралында тұрып жатқан Николай Литошконың әпкесі Ольга хабарласты. Ол Нұрсұлтан Назарбаевты 80 жасқа толуымен құттықтап, оны отбасының досы ретінде қонаққа шақырғысы келеді.

Назарбаевтың күресу өнері

1960 жылдары жас Назарбаев Днепродзержинск қаласындағы Днепров металлургия зауыты жанындағы кәсіптік-техникалық училищеде оқыды. Ол физикалық мықты жас жігіттер алынатын домнашылар тобына қабылданған.

© Photo : Официальный сайт первого президента Казахстана - Елбасы Нурсултана НазарбаеваСол жақта Назарбаевтың жанында отырған – Николай Литошко. Онымен Қазақстанның болашақ тұңғыш президенті Днепродзержинскіде (қазіргі Каменское) оқып жүрген кезінде танысқан
Әбден жыладым: Назарбаевтың досының әпкесі Елбасының адамгершілігі туралы айтты - Sputnik Қазақстан
Сол жақта Назарбаевтың жанында отырған – Николай Литошко. Онымен Қазақстанның болашақ тұңғыш президенті Днепродзержинскіде (қазіргі Каменское) оқып жүрген кезінде танысқан

Назарбаев "Оң және солсыз" кітабында сол кезде еркін күрестің ерекше танымал болғанын айтады. Мығым жігіттер ауыр жұмыс ауысымынан кейін де жаттығуға қалған.

"Бірде Нұрсұлтанды менің ағам Миколамен күресуге шығарады. Назарбаевтың сырт келбетінен оның спорттан алыс екені аңғарылады, ал менің ағам күреспен айналысатын. Бір таңғаларлығы, Нұрсұлтан өзінің әкесі үйреткен әдісті пайдаланып, Миколаны алып ұрады. Ағам тағы да онымен күреспек болады,Нұрсұлтан оны тағы да жерге жығады. Назарбаев кітабында Миколаның оған ренжімегенін айтады. Жалпы екеуі дос болды", - деді Ольга Литошко Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Назарбаев Литошконың отбасында құрметті мейман ретінде жиі қонақ болған, Миколаның анасы үшін ол "екінші ұлына" айналады.

© Photo : Официальный сайт первого президента Казахстана - Елбасы Нурсултана НазарбаеваУчилищені бітірген соң Назарбаев металлург саласын меңгерумен қатар Украинада күрестен спорт шебері атанды
Әбден жыладым: Назарбаевтың досының әпкесі Елбасының адамгершілігі туралы айтты - Sputnik Қазақстан
Училищені бітірген соң Назарбаев металлург саласын меңгерумен қатар Украинада күрестен спорт шебері атанды

"Бірде Нұрсұлтан Николай үйде болмаған кезде келді. Есікті мен аштым, ол "Коля қайда?" деп қысылыңқырап сұрады. Ол өте қарапайым болатын. Нұрсұлтан менің анамның бәліштерін жақсы көретін, ол шешемізді қатты құрметтейтін еді", - деп еске алды Ольга Литошко.

Назарбаевты теледидардан көрді

Николай Нұрсұлтанмен бірге Қазақстан Магниткасына барды. Олар Теміртауда бірге жұмыс істеп, алғашқы жергілікті шойынды шығарды.

"Содан кейін Николайды әскерге шақырды. Бастапқыда Нұрсұлтан мен Микола хат алмасып тұрды, бірақ кейінірек байланыс үзілді. Әскерден кейін Николай отанына оралды. Ағам қиын күндерді басынан өткізді. Сол уақытта одақ құлдырап, қайта құру басталды", - деп жалғастырды Ольга Литошко.

Бірде Ольга құрбысымен бірге Назарбаевты теледидардан көрген.

"Құрбым маған Назарбаевты қатты құрметтейтінін айтты. Мен оған Нұрсұлтанның бізбен бірге тұрғанын, отбасымызбен дос болғанын айтып бердім. Бір аптадан кейін құрбым "Оң мен солсыз" кітабын алып келіп, "Менің тәлімгерлерім" деген бөлімде Назарбаевтың біздің отбасы жайлы жазғанын көрсетті. Оны оқыған кезде әбден жыладым. Ол өте құрметті биік қоятын, алғыс айтуға жасқанбайтын, адамгершілігі жоғары адам. Жас болса да, парыз дегенді ұмытпаған", - деді Николай Литошконың әпкесі.

© Photo : из архива Ольги ЛитошкоНиколай Литошко мен Нұрсұлтан Назарбаев, 1960 жыл, Теміртау
Әбден жыладым: Назарбаевтың досының әпкесі Елбасының адамгершілігі туралы айтты - Sputnik Қазақстан
Николай Литошко мен Нұрсұлтан Назарбаев, 1960 жыл, Теміртау

Днепродзержинскідегі кездесу

Микола Днепродзержинск тарих мұражайының директоры Нина Цыганокпен дос болған, ол кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.

"Нина менің ағама міндетті түрде Нұрсұлтанмен кездесетінін айтты. Бұл оқиға 1994 жылы болды. Нина Цыганок Украина президенті болған Леонид Кучмаға дейін барды. Бір күні ағам Назарбаевпен кездесуге шақырту алды. Нұрсұлтан Днепродзержинск қаласына келген екен, сенесіздер ме?! Ол сол кезде Николайды көргеніне қуанышты екенін, олардың достығы 34 жыл бұрынғыдай мәңгілік екенін жеткізді", - деді Ольга Литошко.

Назарбаев "Украина оған қанат бітіргенін", сол себепті ол соңғы нанымен бөлісуге дайын екенін айтты, деп жалғастырды Ольга.

"Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуге жиналғандар өздерінің қалаған дүниесін сұрады. Тек, Микола үнсіз отырды. "Мен не сұрайын? Үтігім жоқ" деді. Содан кейін облыс губернаторы Николайға Днепродзержинскіден пәтер берді. Мұның барлығы сол кездесудің арқасында деп ойлаймын", - деп еске алды әйел.

Қазақстандағы өмір

90-шы жылдардың соңында Николай Литошко Назарбаевтың шақыруымен Қазақстанға келді. Осында тұрып, жұмыс істеді. Сайлауда тұңғыш президенттің сенімді өкілі болды, "Тұмар" украиндар қоғамының бірінші басшысы болды, балалар үйіне көмектесті.

© Photo : из архива Ольги ЛитошкоОльга Литошко қызы және немересімен бірге
Әбден жыладым: Назарбаевтың досының әпкесі Елбасының адамгершілігі туралы айтты - Sputnik Қазақстан
Ольга Литошко қызы және немересімен бірге

"Николай президенттің резиденциясында тұрды, оны мен үй деп атайтынмын. Ол күзетке жақын жерге орналасты. Мен елордаға шамамен 2001 жылы бардым. Микола Назарбаевтың "зейнетке шыққан соң қартайған шағымызда ағаш отырғызамыз" деп айтқанын есіне алды. Бұл істі Николай жақсы көретін, оның үйінің айналасына ағаш отырғызып жүретін. Астанада бір апта болып, ауырып, қайтып кеттім. Мен кеткеннен кейін Нұрсұлтан іздеп барыпты. Табалдырықтан аттай сала, "Ольга қайда?" деп сұраған екен", - деп еске алды Ольга Литошко.

2011 жылы Николай Литошко кенеттен ауырып қалады. Ольга әлі күнге дейін ағасының неден қайтыс болғанын білмейді.

"Маған Николайдың ұлы Сашко қоңырау шалды. "Оля тәте, әкемнің жағдайы ауыр. Ол жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылды" деп айтты. Бұл өте қорқынышты жағдай еді. Нұрсұлтан өз өлімімен дүниеден өткенше аппараттан ажыратпауды тапсырды", - деп еске алды әйел.

Әйел жолға жиналып жатқан кезде тағы бір қоңырау соғылады. Бауырының баласы хабарласып, оның қайтыс болғанын хабарлаған.

"Оля тәте, келудің қажеті жоқ. Әкем қайтыс болды. Нұрсұлтан қайда жерлейтінімізді сұрап жатыр деді. Мен үйде, туған жерге апарып жерлейтінімізді айттым", - дейді әйел. 

Тұңғыш президентке хат

Бүгінде Ольга Литошко Грециядағы Санторини аралында тұрады. Нұрсұлтан Назарбаевты жылы лебізбен еске алып жүретін ол тұңғыш президентті мерейтоймен құттықтағысы келеді.

"Құрбым электронды хат жазуға кеңес берді. Хат жазып жіберген едім, бірақ діттеген жеріне жетті ме, жоқ па білмеймін", - деді Ольга Литошко.

Хатта Ольга Ильинична Назарбаевқа денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілеген.

Оқи отырыңыз: "Мен таңғалған жоқпын": Горбачев Назарбаев туралы сұқбат берді

Ол Қазақстанның тұңғыш президентін Грецияға отбасының досы ретінде қонаққа шақырады.

"Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, шын жүректен 80 жасыңызбен құттықтаймын! Сізге денсаулық, ұзақ өмір мен риясыз қуаныш тілеймін. Сіз халықтың құрметіне әбден лайықсыз. Әлем білетін саясаткерсіз және ерекше адамсыз. Сізбен сөйлесу, дос болу бақыты бұйырды. Мен сіздің досыңыз Николай Литошконың әпкесі Ольгамын. Қазір мен Грецияда, Санторини аралында қызым және немереммен бірге тұрамын. Сізді Грецияға, Санторини аралына ағамның және біздің отбасымыздың досы ретінде қонақ болуға шақырамын", - делінген Ольга Литошконың Нұрсұлтан Назарбаевқа жазған хатында.

Sputnik Қазақстан редакциясы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібайға Ольга Литошконың байланыс нөмірін жіберуге ниетті.

Жаңалықтар
0