Саясат

Тоқаевтың қатысуымен ЖЕЭК-тің кезекті отырысы басталды

Отырыс барысында мемлекет басшылары ЕАЭО аясындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен бейнебайланыс режимінде Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Еуразиялық экономикалық комиссия қант импортына квота енгізу мәселесін қарастырды
Отырыста Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь басшысы Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров, Армения премьер-министрінің міндетін атқарушы Никол Пашинян, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ шараға ЖЕЭК жанындағы бақылаушы-мемлекет басшылары ретінде Куба президенті Мигель Диас-Канель және Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев қатысады.

Отырыс барысында ЕАЭО аясындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланып, ортамерзімдік перспективаға міндеттер қаралады.

Сонымен қатар Одақтың ішкі нарығындағы кедергілерді жоюға және дағдарыстан кейінгі кезеңдегі интеграциялық өзара іс-қимылға ерекше көңіл бөлінеді.

ЖЕЭК отырысы бейнебайланыс форматында өтіп жатыр. Жиынды "Хабар 24" телеарнасы мен Қазақстан президенті баспасөз қызметінің Facebook-тегі парақшасынан көруге болады.