Экономика

Еуразиялық экономикалық комиссия қант импортына квота енгізу мәселесін қарастырды

© Photo : СС0 / Myriams-FotosСахар
Сахар - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2021
Жазылу
Қабылданған бұл шара қант бағасын арзандатуға ықпал етеді деп күтілуде. Шілдеде де қосымша шаралар қабылдануы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір — Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) кеңесі 2021 жылдың 15 мамыры мен 30 қыркүйегі аралығында ел аумағына қант алып кіруге баж салығын салмау түрінде тарифтік жеңілдік ұсыну туралы шешім қабылдады, деп жазылған ЕЭК сайтында.

"Комиссия отырысында 2021 жылдың 15 мамыры мен 30 қыркүйегі аралығында ел аумағына қант алып кіруге баж салығын салмау түрінде тарифтік жеңілдік ұсыну туралы шешім қабылданды", - деп жазылған хабарламада.

Арменияға – 22,4 мың тоннадан, Қазақстанға – 134,4 мың тоннадан, Қырғызстанға –  40 мың тоннадан, Ресейге – 350 мың тоннадан көп емес көлемде импортталатын қант кедендік баж салығынан босатылатыны белгілі болды.

Сонымен қатар, ЕЭК алқасы тарифтік жеңілдікті қолдану арқылы елге жеткізілетін қанттың көлеміне ай сайынғы мониторинг жүргізетін болады.

Оқи отырыңыз: ЕАЭО елдері Сербияға қандай тауарларды бажсыз жеткізе алады

"Қант нарығындағы жағдайды есепке ала отырып, егер мұндай шаралар қажет болса, 2021 жылдың шілдесінде қосымша шараларды қабылдау мәселесін қайта қарау туралы келісімге қол жетті", - деп жазылған хабарламада.

ЕЭК алаңында одаққа мүше мемлекеттердің ішкі нарығына жедел қант жеткізуді қамтамасыз ету үшін мүдделі тұтынушылар мен өндірушілердің өзара әрекеттестігі ұйымдастырылады. Сондай-ақ одақтағы қант нарығын тұрақты дамыту бойынша ұсыныстар әзірленеді.

Жаңалықтар
0