НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі елдегі коронавирустық инфекция құрбандарының санын жариялады.
19 мамырдағы жағдай бойынша коронавирустың салдарынан 17 адам қайтыс болды, төрт пациент COVID-19 белгілері бар пневмониядан қайтыс болды.
Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрлігі қайтыс болғандар туралы 2020 жылғы деректерді жариялады. Мәселен, өткен жылы коронавирус салдарынан 1 783 адам қайтыс болса, COVID-19 белгілері бар пневмониядан – 2 946 науқас көз жұмған.
2021 жылдың төрт айында (қаңтар-сәуір) 1 480 адам коронавирустық инфекцияның құрбаны болды, 314 пайиент пневмониядан көз жұмған.
Оқи отырыңыз: Вакцинадан кейін қайтыс болғандар: министрлік 2 адамның неден көз жұмғанын айтты
Айта кетейік, өткен тәулікте республикада коронавирустық инфекцияның 2 433 жағдайы анықталды, бұл көрсеткіш бойынша Алматы мен Нұр-Сұлтан көш бастап тұр.
20 мамырдағы жағдай бойынша 35 846 адам CVI-мен емдеуді жалғастыруда, оның 13 265 пациенті стационарларда, 22 581 адам амбулаториялық деңгейде.
КВИ+ и КВИ- пациенттерінің арасында:
- ауыр жағдайда – 742 науқас;
- өте ауыр күйде – 187;
- желдеткіште – 107 науқас.