Қоғам

Министрлік коронавирустан қайтыс болғандар статистикасын жариялады

© Sputnik / Тимур БатыршинНовую быстровозводимую модульную больницу для зараженных коронавирусом пациентов открыли в южной столице
Новую быстровозводимую модульную больницу для зараженных коронавирусом пациентов открыли в южной столице - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2021
Жазылу
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми дерекгі бойынша өткен тәулікте елімізде 21 науқас қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі елдегі коронавирустық инфекция құрбандарының санын жариялады.

19 мамырдағы жағдай бойынша коронавирустың салдарынан 17 адам қайтыс болды, төрт пациент COVID-19 белгілері бар пневмониядан қайтыс болды.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрлігі қайтыс болғандар туралы 2020 жылғы деректерді жариялады. Мәселен, өткен жылы коронавирус салдарынан 1 783 адам қайтыс болса, COVID-19 белгілері бар пневмониядан – 2 946 науқас көз жұмған.

2021 жылдың төрт айында (қаңтар-сәуір) 1 480 адам коронавирустық инфекцияның құрбаны болды, 314 пайиент пневмониядан көз жұмған.

Оқи отырыңыз: Вакцинадан кейін қайтыс болғандар: министрлік 2 адамның неден көз жұмғанын айтты

Айта кетейік, өткен тәулікте республикада коронавирустық инфекцияның 2 433 жағдайы анықталды, бұл көрсеткіш бойынша Алматы мен Нұр-Сұлтан көш бастап тұр.

20 мамырдағы жағдай бойынша 35 846 адам CVI-мен емдеуді жалғастыруда, оның 13 265 пациенті стационарларда, 22 581 адам амбулаториялық деңгейде.

КВИ+ и КВИ- пациенттерінің арасында:

  • ауыр жағдайда – 742 науқас;
  • өте ауыр күйде – 187;
  • желдеткіште – 107 науқас.
Жаңалықтар
0