Қоғам

Вакцинадан кейін қайтыс болғандар: министрлік 2 адамның неден көз жұмғанын айтты

© AFP 2024 / GABRIEL BOUYSШприцы с вакциной от коронавируса, подготовленные для инъекций
Шприцы с вакциной от коронавируса, подготовленные для инъекций  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2021
Жазылу
Коронавирусқа қарсы вакциналаудан кейін қайтыс болған төрт адамның екеуінің өліміне екпенің еш қатысы жоқ, деп мәлімдеді денсаулық министрлігі. Қалған екі адамның өліміне қатысты тексеріс әлі жүргізіліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр — Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцина қойғаннан кейін қайтыс болғандардың өлімін зерттеп жатыр. Арнайы комиссия бірнеше адамға қатысты қорытынды шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Вице-министр Ажар Ғинияттың айтуынша, Алматы облысындағы перзентхада жұмыс істеген медицина қызметкерінің өлімі бойынша тексеріс аяқталды.

"Осы жағдай бойынша комиссияның жұмысы аяқталды. Ол әріптесімізде созылмалы жүрек ауры болған. Диспансерлік тіркеуде тұрған. Дәрігерлерге уақытында көрінбеген. Арнайы препараттарды да қабылдамады. Комиссия вакцинаны тасымалдау және сақтау шараларын тексерді. Сосын сот-медициналық сараптама нәтижесін зерделеп шықты. Қорытындыға сәйкес, өлімге созылмалы жүрек ауры себеп болған. Вакцинаға ешбір қатысы жоқ", - деді Ғиният орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Бұдан бөлек, Алматы қаласында ер адам вакцинаның екінші дозасын алғаннан кейін қайтыс болды. Оның да жүрегі ауырған. Оған қоса қан қысымы болған.

"Осы факт бойынша сот-медициналық сараптама әлі аяқталған жоқ. Комиссия жұмыс істеп жатыр. Алдағы уақытта тексерістің қорытындысы шығарылады", - деп атап көрсетті Ғиният.

Ал Ақтөбе облысында екпе салдырған адамда аритмия болған. Ал бұл инсультқа жиі себеп болып жатады. Оның өліміне вакцинаның қатысы жоқ, дейді министрліктегілер.

"Төртінші жағдай вакцинаның екінші компоненті салынғанннан кейін 12 күн өткен соң болған. Комиссия әлі жұмыс істеп жатыр. Біз қосымша ақпарат тарататын боламыз", - деді Ғиният.

Оқи отырыңыз: Вакцинаны қашан салдыру керек – қазақстандық профессор кеңес берді

Жаңалықтар
0