Спорт

Альварес – Сондерс жекпе-жегінің басталатын уақыты айтылды

Альварес - Сондерс жекпе-жегі Нұр-Сұлтан уақытымен 9 мамыр күні таңғы 9:00-де басталады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес пен британиялық Билли Джо Сондерс арасындағы жекпе-жектің басталатын уақыты белгілі болды.

"Оның жеңілгенін барлығы көрді". Әлем чемпионы Головкинді сынға алды
Альварес - Сондерс жекпе-жегі 8 мамырда Арлингтондағы AT&T Stadium-та өтеді. Айқас Нұр-Сұлтан уақытымен 9 мамыр күні таңғы 9:00-де басталады.  

Оқи отырыңыз: Головкин әлем чемпионымен жұдырықтасады 

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес биыл желтоқсанда жұдырықтасуы мүмкін.

Мексикалық боксшы оған дейін екінші орта салмақта екі белбеуді беліне байлауды жоспарлап отыр.