Спорт

"Оның жеңілгенін барлығы көрді". Әлем чемпионы Головкинді сынға алды

© REUTERS / Joe CamporealeГеннадий Головкин - Сергей Деревянченко
Геннадий Головкин - Сергей Деревянченко - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2021
Жазылу
Деметриус Андраденің пікірінше, Головкин жұқдырықтасқан боксшылардың көпшілігі әлсіз болды

НҰР-СҰЛТАН, 2 мамыр – Sputnik. Орта салмақтағы WBO чемпионы америкалық Деметриус Андраде (30-0-0, 18 КО) IBF титулының иегері қазақстандық Геннадий Головкинді (41-1-1, 36 КО) тағы да сынға алды, деп хабарлады Sports.kz.

Атап айтқанда, Андраде орта салмақтағы үздік боксшылардың бірі ретінде аталатын Головкиннің қарсыластары мықты болғанына күмән келтірді.

"Оның түйіндемесі және карьерасы анау айтқандай жақсы емес қой. Қарсыластарының көпшілігі әлсіз болды. Оған тойтарыс берген Дэниел Джейкобстан басқасының барлығы оңай беріле салды. Деревянченко егер ештеңеден қаймықпай алға ұмтыла берсең, не болатынын көрсетті. Оның бұл жекпе-жекте жеңілгенін барлығы көрді", - деді боксшы Golden Era Boxing-ке берген сұхбатында.

Оқи отырыңыз: Головкин әлем чемпионымен жұдырықтасады – жекпе-жектің күні белгілі болды 

Айта кетейік, Геннадий Головкин 31 желтоқсанда орта салмақтағы WBA чемпионы жапон Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр.

Жаңалықтар
0