Өңірлер

Алматы облысының бас санитар дәрігері жаңа қаулы шығарды – не өзгерді  

26 сәуірден бастап Алматы облысында бірқатар кәсіпкерлік нысандар Ashyq жобасы бойынша жұмыс істей бастайды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір - Sputnik. Алматы облысының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды.

Ashyq жобасын кәсіпкерлік нысандарда енгізуді қамтамасыз ету тапсырылды. Жобаға қатысатын объектілерде жұмысты шектеудің келесі өлшемдері көзделеді:

  • Коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық деңгейі жоғары "қызыл аймақтағы" аудандар мен қалаларда  "сары аймақтағы" шектеулер қолданылады;
  • "сары аймақтағы" аудандар мен қалаларда "жасыл аймақтағы" шектеулер қолданылады.

Ойын-сауық, бұқаралық мерекелік іс-шараларды, көрмелерді, конференцияларды, форумдарды, корпоративтерді, отбасылық іс-шараларды (еске алу, банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ауызашар) оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады.

Оқи отырыңыз: Ashyq қосымшасы: статусты тексеру үшін арнайы сервис іске қосылады

Жақын туыстарының қатысуымен 15 адамнан аспайтын жерлеу рәсімдерін өткізуге рұқсат беріледі.

Бетперде режимін және кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, жеке бару немесе бір отбасы мүшелері үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда (мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде, қорықтарда, резерваттарда және басқаларда) болуға рұқсат.