Қоғам

Ashyq қосымшасы: статусты тексеру үшін арнайы сервис іске қосылады

© Photo : пресс-служба министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РКASHYQ қосымшасы
ASHYQ қосымшасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2021
Жазылу
Мекеменің QR-кодын сканерлегеннен кейін келген адамның статусы түрлі-түсті форматта көрсетіледі. Егер "қызыл" немесе "сары" статус шықса, клиенттер мекемеге кіргізілмейді

НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Қазақстандықтар Ashyq қосымшасы бойынша өз статусын жақын арада іске қосылатын сайтта тексере алады. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біз Ashyq жобасындағы статусқа байланысты халық тарапынан сұрақтар көп екенін ескеріп, арнайы сервис әзірледік. Оның сілтемесі бүгін-ертең БАҚ-та жарияланады. Кез келген адам оған кіріп, бейтарап QR-код арқылы өзінің статусын тексере алады", – деді Тұрысов брифингте.

Айтуынша, статусты тексеруге мүмкіндік беретін сервис мобильді қосымша емес, сайт. Оған кірген кезде QR шығады. Телефонға Ashyq қосымшасын жүктеп, сол QR-кодқа апарса, адамның статусы көрсетіледі.

Ashyq мобильді қосымшасы қоғамдық орындарға баратын адамдарды тіркеп, кәсіпкерге коронавируспен ауырған адамдар туралы ақпарат береді. Қандай да бір мекемеге кірмес бұрын пайдаланушы арнайы QR-кодты сканерлейді де, оны кіреберісте тұрған әкімшіге көрсетеді. Код әлгі адамның статусын анықтайды. Азаматтардың статусы денсаулық сақтау министрлігіндегі мәліметтер базасымен салыстырғаннан кейін белгілі болады.

Оқи отырыңыз: Халықты түстерге бөлу мен QR-код: министр Цой қазақстандықтарға үндеу жасады

Мекеменің QR-кодын сканерлегеннен кейін келген адамның статусы түрлі-түсті форматта көрсетіледі.

  • "Қызыл" статус – адам вирус жұқтырды деген сөз. Мұндай статустағы адамдарға қоғамдық орындарға кіруге тыйым салынған;
  • "Сары" статус – келушінің ауру жұқтырғандармен байланыста болғанын білдіреді;
  • "Көк" түс шықса, ПТР-тест міндетті саналатын орындарды қоспағанда, жүріп-тұруға ешқандай шектеу жоқ деген сөз;
  • "Жасыл" түс ПТР-тест тапсырып, нәтижесі теріс шыққан адамдар үшін жанады;
  • "Қызыл" немесе "сары" статус шыққан клиенттер мекемеге кіргізілмейді.

Ashyq жобасына 21 сәуірден бастап облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар, бильярд клубтары, концерт залдары; ал 5 мамырдан караоке, "жасыл" аймақтағы банкет залдары қосылады.

Жаңалықтар
0