НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір - Sputnik. Алматы облысының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды.
Ashyq жобасын кәсіпкерлік нысандарда енгізуді қамтамасыз ету тапсырылды. Жобаға қатысатын объектілерде жұмысты шектеудің келесі өлшемдері көзделеді:
- Коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық деңгейі жоғары "қызыл аймақтағы" аудандар мен қалаларда "сары аймақтағы" шектеулер қолданылады;
- "сары аймақтағы" аудандар мен қалаларда "жасыл аймақтағы" шектеулер қолданылады.
Ойын-сауық, бұқаралық мерекелік іс-шараларды, көрмелерді, конференцияларды, форумдарды, корпоративтерді, отбасылық іс-шараларды (еске алу, банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ауызашар) оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады.
Оқи отырыңыз: Ashyq қосымшасы: статусты тексеру үшін арнайы сервис іске қосылады
Жақын туыстарының қатысуымен 15 адамнан аспайтын жерлеу рәсімдерін өткізуге рұқсат беріледі.
Бетперде режимін және кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, жеке бару немесе бір отбасы мүшелері үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда (мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде, қорықтарда, резерваттарда және басқаларда) болуға рұқсат.