НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір – Sputnik. Қарағанды көшесінің бірінде қала тұрғынының мәйіті табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады.
"Оқиға Қарағанды қаласындағы Мұқанов көшесінде болған", – деп жазылған телеграмм желісіндегі "Вечерняя Караганда" парақшасында.
Ал жергілікті полиция бұл фактіні растап, тиісті сараптамалар тағайындалғанын мәлімдеді.
"22 сәуірде сағат 11.50-де Мұқанов көшесіндегі "Айза" дүкенінің жанынан 60 жас шамасындағы қала тұрғынының мәйіті табылды. Мүрде мәйітханаға тапсырылды. Зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр", – делінген қалалық полиция департаментінің хабарламасында.
Оқи отырыңыз: 12 күнде үш полицей көз жұмды: Атырау облысында тағы да қайғылы оқиға тіркелді