Өңірлер

Қарағандыда қала тұрғынының мәйіті көшеден табылды

© Photo : pixabay/soumen82hazraРука человека
Рука человека  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2021
Жазылу
Зорлық-зомбылық белгісі жоқ мүрде қазіргі кезде мәйітханаға тапсырылып, сот-медициналық сараптама жүргізілуде

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір – Sputnik. Қарағанды көшесінің бірінде қала тұрғынының мәйіті табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады.

"Оқиға Қарағанды ​​қаласындағы Мұқанов көшесінде болған", – деп жазылған телеграмм желісіндегі "Вечерняя Караганда" парақшасында.

Ал жергілікті полиция бұл фактіні растап, тиісті сараптамалар тағайындалғанын мәлімдеді.

"22 сәуірде сағат 11.50-де Мұқанов көшесіндегі "Айза" дүкенінің жанынан 60 жас шамасындағы қала тұрғынының мәйіті табылды. Мүрде мәйітханаға тапсырылды. Зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр", – делінген қалалық полиция департаментінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: 12 күнде үш полицей көз жұмды: Атырау облысында тағы да қайғылы оқиға тіркелді

Жаңалықтар
0