Оқиға

Шымкентте арық ішінен астаналық әйелдің мәйіті табылды – видео

Полицейлердің жіті тексеруі нәтижесінде марқұмның 39 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны екені анықталды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір – Sputnik. Шымкент қаласында жол жиегіндегі арықтан әйел адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Полиция мәліметінше, тексеру барысында марқұмның 39 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны екені анықталды.

"Кісі өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізіледі және соның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – деп нақтылады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқи отырыңыз: "Сабырлы болатын": Оралда әкімдіктің бұрынғы қызметкері әйелін пышақтап өлтірді