НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір – Sputnik. Шымкент қаласында жол жиегіндегі арықтан әйел адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Полиция мәліметінше, тексеру барысында марқұмның 39 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны екені анықталды.
"Кісі өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізіледі және соның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – деп нақтылады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу басталды.
Оқи отырыңыз: "Сабырлы болатын": Оралда әкімдіктің бұрынғы қызметкері әйелін пышақтап өлтірді