05:43 17 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD425.63
  • EUR515.99
  • RUB5.92
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
2902 0 0

Өткен аптада ғана тұрғын үй коммуналық шаруашылық бөлімінде жұмыс істеген ер адам кеше ауыр қылмыс жасағаны үшін ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір — Sputnik. Орал қаласында өз әйелін пышақтап тастаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, 19 сәуірде темір-бетон конструкцияларын шығаратын зауыттың маңайында 30 жастағы әйел табылды. Оның денесінде көптеген пышақ жарақаттары болды.

"Полицейлер оны бірден көпсалалы ауруханаға жеткізген. Шокқа қарсы палатада арнайы топ әйелдің биологиялық өлімін тіркеді", - дейді дәрігерлер. 

Кешке қарай сағат 17:00-дің шамасында күдікті ұсталды. 30 жастағы ер адам марқұмның бұрынғы күйеуі болып шықты. Ол қаланың тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінде істейді деген ақпарат тарады. Бөлім басшысы Жандос Дүйсенғалиевтің айтуынша, күдікті өткен аптада жұмыстан шығып кеткен.

"Мен өзім еңбек демалысында болғанмын. Бүгін ғана жұмысқа шықтым. Таңертең жұмыс бабымен оған хабарластым. Сөйтсем, ол жұмыстан шығып кетіпті. Жұма күні кетіп қалған", - деп атап көрсетті Дүйсенғалиев.

Оның айтуынша, қылмыс жасаған ер адам ұжымда сабырлы болған, ешқашан ашуға берілмейтін. Жұмысын да ойдағыдай атқарды. Шылым шекпеді, арақ ішкен жоқ. Спортпен айналысты.

Оқи отырыңыз: Павлодар облысында туысын өлтірген көпбалалы ана қамаудан босатылды

"Ол волейбол құрамасына да кірген. Жақында ғана бір жарысқа қатыстық. Ұжымға келгеніне бір айдан асты. Бас маманның қызметіне конкурс жарияланған болатын. Сол кісі өтті. Осы уақытқа дейін өзін жақсы жағынан ғана көрсетті", - дейді бөлім басшысы. 

Қазіргі кезде қылмыстық кодекстің "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оған сәйкес, сегіз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ерлі-зайыптылардың кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар.

Тақырып бойынша

Нұр-Сұлтанда ер адам әйелін өлтіріп, артынан өзіне пышақ салды
27 жастағы ер адам әйелін не үшін өлтіргені белгілі болды
"Сен үшін өлемін": Ақтауда ер адамның әрекеті жұртты шошытты - видео
Мәйітті құдыққа тастаған: Қостанайда әйелін жұртпен бірге іздеген ер адам күдікке ілінді
Келіншегінің жалаңаш түскен видеосын таратқан оралдық азаматтың басы бәлеге қалды
Кілт сөздер:
Орал, адам өлтіру
Загрузка...

Басты тақырып