Әлем

"Солтүстік ағын–2" жобасы кедергіге ұшырауы мүмкін бе

Германия қорғаныс министрінің мәлімдемесін неміс билігінің соңғы шешімі деп қарастыруға болмайды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. АҚШ Германиямен арадағы Дональд Трамптың кезінде бұзылған қарым-қатынасты түзететіе болып шешті. Пентагон басшысы Берлинге ұшып келіп, елдегі америкалық сарбаздар санын арттыруды тапсырды, сондай-ақ жаңа әкімшілік те "Солтүстік ағын-2" жобасының құрылысына қарсы екенін мейлінше көрсетіп бақты. Пентагон өкілінің сапарынан кейін немістер жобаны уақытша тоқтатты. Германия федеративті республикасы қандай қадамға баруы мүмкін, деп жазады РИА Новости.

"Солтүстік ағын – 2" жобасының аяқталуына аз қалды
Германия "Солтүстік ағын-2" (СА-2) жобасының құрылысы мәселесінде АҚШ-тың айтқанына құлақ асады, яғни даулы жобаның аяқталуына мораторий жариялайды. Бұл жөнінде Германияның қорғаныс министрі Аннегрет Крамп-Карренбауэр Пентагон басшысы Ллойд Остинмен кездесуден кейін мәлімдеді. Ол алғашқы үлкен еуропалық турне аясында бір күн бұрын Берлинге ұшып келген болатын. Америкалық қорғаныс министрлігінің басшысы Байден билікке келген шақта Вашингтон Берлин қарым-қатынасты түзегісі келетінін айтты. Берлин де кет әрі емес екенін білдірді.

Әзірше жобаның 95 проценті аяқталды, яғни барлығы 2 460 километр газ құбырының 2 339 шақырымы төселді. Егер жоба аяқталса, онда Германия белгілі бір шарт бойынша Ресейден газ сатып алады.

"Ол Мәскеудің әрекетіне баланысты болып отыр", - деді Крамп-Карренбауэр.

Остин америкалық үкімет Балтық теңізінің түбінде газ құбырының екінші тармағы салынуына қарсы екенін мәлімдеді. Алайда жоба бойынша қайшы пікірлер екі елдің тығыз қарым-қатынасына еш кері әсер етпейтінін жеткізді. Жалпы Крамп-Карренбауэр америкалық әріптесімен бірге, тек СА-2 жайын ғана емес, Дональд Трамптың Германия аумағынан 9,5-12 мың америкалық сарбазды шығару мәселесін де талқылады. Трамптың мұндай әрекетке баруына Германияның НАТО мен АҚШ алдындағы бірнеше миллиард қарызы себеп болды. Ал жаңа әкімшілік, керісінше елдегі сарбаздар санын арттырды. Әзірше тек 500 әскериге. Жалпы АҚШ пен Германия қорғаныс ведомствосының басшылары газ құбырын талқылауға қайта айналып келді.

"Солтүстік ағын-2" Вашингтон мен Берлин арасындағы қарым-қатынасқа негізгі кедергі болып отыр. Мұндай жағдай Дональд Трамп президент болған кезде де қалыптасты. Билікке Джо Байден келгенде де жалғасуда. АҚШ СА-22 оларды табысты еуропалық энергетикалық нарықтан алшақтатады да, бұл өз кезегінде ресейлік газға тәуелді етеді деп қорқады.

Тарифтер тайталасы: ЕАЭО ортақ газ нарығы жобасының алдында қандай проблемалар тұр
Құбыр желісі Германия, Дания, Ресей, Финляндия және Швецияның тек экономикалық аймақтары мен аймақтық сулары арқылы өтеді. Копенгаген ұзақ уақыт бойы құрылысқа қарсы болды да, кейіннен келісімін берді. Неміс билігі бұл жобаны қолдап, оны "таза экономикалық" деп санауға шақырады. Бірақ елдегі азаматтардың барлығы бұлай деп ойламайды. Жасыл экономиканы жақтаушылар мен экологтар жобаны белсенді түрде сынға алуда. Жақында Deutsche Umwelthilfe (DUH) табиғатты қорғау ұйымы Гамбург сотында жұмысты жалғастыру үшін Федералды теңіздегі кеме қатынасы және гидрографиясы ведомствосы ұсынған рұқсатқа қарсылық білдірді.

Газ құбырына АҚШ-тан басқа Украина мен Польша да қарсы. Бұл елдер үшін Ресей газының транзиті олардың аумағы арқылы өтуі тиімді. Бұл елдерді Чехия, Латвия, Эстония, Литва, Венгрия, Словакия, Румыния және Хорватия қолдап отыр.

Дональд Трамп газ құбырын төсеуге санкциялармен белсенді түрде кедергі келтіріп келді. 2017 жылдан бастап ол әркез жаңа шектеулер ойлап тапты. Көбіне жобаға қатысатын шетелдік компанияларға қысым көрсетті. Еуропалықтарға мұндай әрекет ұнамады, алайда қарсы тұруға беттемеді.

Ақ үйге келген Байденнің алдында күрделі таңдау тұрды: бір жағынан, "Солтүстік ағынға" елдегі екі партия да қарсы және санкцияны жеңілдетуді Мәскеудің ығына жығылу деп санайды, екінші жағынан, Американың жаңа президенті Еуроодақпен, әсіресе жобаны қолдап отырған Германиямен Трамп кезінде құрдымға кеткен қарым-қатынасты реттеуі керек.

Бірақ ақпанда газ құбырына қатысы бар "Фортуна" кемесі мен оның иесі – "КВТ-Рус" компаниясы америкалық жаңа шектеулердің "астында қалып қойды". Алайда оларға қарсы санкциялар алдында да енгізілген болатын. 2021 жылдың ақпанында еуропалық 18 фирма Вашингтон қысымына шыдамай, жобадан бас тартты. Наурызда АҚШ егер олар жұмысты жалғастыратын болса, жаңа санкциялар енгіземіз деп қорқытты. Берлин Вашингтон әрекеттерін ұзақ уақыт сынап келді. Қазірдің өзінде немістердің кейбірі жобаның аяқталатынына сенімді.

Мұнай дағдарысынан кейін газ нарығы қалай өзгереді?
Кремльдегілер америкалық шектеулер жұмысты қиындататынын мойындады. "Газпром" 2021 жылдың қаңтарында "саяси жағдай күрт өзгеретін болса" жобаны уақытша тоқтата тұруға немесе толық тоқтатуға тура келетінін мәлімдеді.

Сарапшылар газ құбыры толық қуатта жұмыс істемесе де, қалай болғанда да аяқталады деп санайды.

"ЕО-ның жаңа ережелеріне байланысты шектеулер бар. Оған сәйкес бір жеткізуші тасымалдау инфрақұрылымын тек 50 процентке ғана қолдана алады", - деп түсіндірді Ресейдің халықаралық істер жөніндегі кеңесінің бас директоры Андрей Кортунов.

Оның айтуынша, басқа да нұсқалар бар. Мысалы газ құбырын жабу немесе АҚШ тарапынан Германия өтемақысы. Вашингтон америкалық сұйылтылған газды қабылдауға арналған терминалдар құрылысына инвестиция салуы мүмкін. Алайда тақтасты газға қарсы Байден билікте болған шақта мұны іске асыру қаншалықты мүмкін екені белгісіз.

"Америкалықтар жай ғана уақыт созып жүруі ықтимал. Меркель саясаттан кетіп жатыр. Ол өз пікірін өзгертпейді. Күзде ГФР-да сайлау өтеді. Егер билікке жаңа коалиция келіп, кезекті канцлер жасыл экономиканы жақтаушылар қатарынан болса, онда "Солтүстік ағын-2" жобасы өздігінен-ақ талқан болады", - деп санайды саясаттанушы.

РҒА Еуропа институтының Германия зерттеулері орталығының жетекші ғылыми қызметкері Александр Камкин Пентагон басшысы Берлинге сапары кезінде неміс билігінен америкалық сұйылтылған табиғи газды сатып алуды талап етті деп санайды.

"Жеткізулерді әртараптандырғаны үшін ГФР-ге жобаны аяқтауға мүмкіндік береді. Алайда газ құбырына саяси қысым бәсеңдемейді", - деді ол.

Германия қорғаныс министрінің бұл мәлімдемесін неміс билігінің ақырғы шешімі деп қарастыруға болмайды. Крамп-Карренбауэр Мәскеуге қатысты өткір пікір жасаумен көзге түскен. Қазір АҚШ пен ГФР бір мәмілеге келіп, қарым-қатынасты түзетуге тырысып жатыр. Оған қалай қол жеткізетіндері әлі белгісіз. СА-2 құрылысын аяқтауға мораторий енгізу проблема шешімін кейінге қалдырумен тең.