Әлем

"Солтүстік ағын – 2" жобасының аяқталуына аз қалды

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуРабочие на строительстве газопровода, архивное фото
Рабочие на строительстве газопровода, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Газ құбырының құрлықтағы бөлігінің құрылысы аяқталды. Қазір Германия суларына құбырлар төселуде. Содан кейін бұл жұмыстар Данияда жалғасады

Сарапшылар аталған жобаның қандай жағдай болғанда да аяқталатынын атап өтті. Алайда, оны пайдалануға беру кезінде проблемалар туындауы мүмкін.

Инвестициялық банктермен кездесуде "Газпром" басқарма төрағасының орынбасары, "Газпром Экспорт" компаниясының бас директоры Елена Бурмистрова құбырдың шетелдік құрлықтағы бөлігі толығымен дайын екенін айтты.

Строительство газопровода  - Sputnik Қазақстан
Әлем
Сарапшы "Солтүстік ағын–2" жобасына қатысты Байденнен не күтуге болатынын айтты

11 желтоқсанда Германияның аймақтық суларында бір жылдық үзілістен кейін жұмыс қайта жалғасты. 15 қаңтардан бастап Дания суларына құбырлар төеу басталады. Бурмистрованың айтуынша, теңіз учаскесі құрылысының аяқталу мерзімі бірқатар жағдайларға, атап айтқанда ауа-райына байланысты болады.

"Фортуна" құбыр төсеуші кемеге Ресей теңіз құтқару қызметінің "Мурман" және "Балтық зерттеушісі", басқа да қамсыздандыру кемелері көмектеседі. Теңізде құбыр төсеу сызығының екі жағында да ені 200 метрлік уақытша тыйым аймағы құрылады. Ол аумақта жүзуге, сүңгуге, зәкір лақтыруға немесе балық аулауға болмайды.

Аналитиктер қазір құрылыстың ең қиын кезеңі өтіп жатқанын айтуда. Қыста Балтық теңізінде жойқын дауылдар болады. Сонымен қатар, газ құбырына әлі де АҚШ санкциялары қауіп төндіруде.

Қазан айында жобаға "Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігін қорғау туралы" PEESA пакеті таралды. Құбырларды төсеп жатқан кемелерді жаңартуға немесе жабдықтауға қызмет көрсететін, жабдықтар ұсынатын немесе қаржыландыратын компаниялар үшін шектеулер қарастырылды.

Конгресс мақұлдаған санкциялар 2021 жылға арналған қорғаныс бюджетінің түзетулеріне енгізіледі. Соның салдарынан сақтандырушылар құбыр желісінің құрылысы аяқталғаннан кейін шығынды өтеуге тәуекел жасамайды, ал сертификаттау фирмалары Германияға газ жіберу алдында дәнекерленген құбырлардың сенімділігін бағалай алмайды. Сарапшылардың айтуынша, жаңа санкциялардың қаупі әлі толық айқын емес.

"Бір жағынан, Конгресс бұл заң жобасын қабылдады, екінші жағынан, оған Дональд Трамп қол қойған жоқ және Джо Байден оған қол қоятыны екіталай. Себебі, Трамп Ақ үйден кету үшін қам жасауы керек болса, жаңа президентке резиденцияға жайғасып, экономиканы дамыту шараларын қабылдау керек", - дейді тәуелсіз өндірістік сарапшы Леонид Хазанов.

Германияда жағдайға қатысты мәлімдеме жасады. Егер, Ақ үй бұл жоспарларды жүзеге асырса, Бундестаг қарсы шаралар дайындайды. Атап айтқанда, немістердің Экономика министрлігінің ішкі құжатына сәйкес, Меркель үкіметі ЕуроОдақпен келісілген әрекеттерді қарастыруда.

Жобаның серіктестері Ресей кез-келген жағдайда санкцияларды айналып өтіп, құрылысты аяқтайтынын айтып жатыр.

"Құбыр төсеу жұмыстары қайта жалғасады және құбыр желісінің құрылысы толық аяқталады", - деді австриялық OMV AG мұнай компаниясының бас атқарушы директоры Рейнер Селе.

Оксфорд энергетикалық зерттеулер институтының мамандары "Солтүстік ағын – 2" жазға дейін аяқталуы мүмкін, ал келесі қыста газды тасымалдауға арналған сертификаттар алу ықтимал екенін айтуда. Әрі қарай санкциялар құрылысты іске қосу мерзімін ұзартып діберуі мүмкін. Бірақ, Ресей кез-келген кедергіні жеңудің жолын табады. Аналитиктер "жобаны еш кедергі тоқтата алмайтынын америкалықтар түсінуі керек" екенін атап өтті.

Солтүстік ағын – 2 газ құбырының құрылысы - Sputnik Қазақстан
Әлем
"Фортуна" кемесі "Солтүстік ағын – 2" құрылысына тартылуы мүмкін

Ресейлік сарапшыларда да осындай болжам жасап отыр. "Қазіргі уақытта "Солтүстік ғын – 2" жобасына қарсы санкцияларды "Газпром" шыбын шаққан құрлы көріп отырған жоқ. Бұл Вашингтондағылардың бізге табиғи газ өндіруге тыйым салуымен бірдей. Егер Джо Байден заң жобасына қол қоятын болса, онда "Газпром" мен оның серіктестері бұл істі соңына дейін жеткізеді де, газ айдауға кіріседі. Менің ойымша, құбыр төеу сәуір-мамыр айларында аяқталады", - дейді Леонид Хазанов.

Мамандар атап өткендей, терең су аймақтарындағы құрылысқа қатыстының барлығына тыйым салынған. Сондықтан, "Газпром" тек алға ұмтылуда және райынан қайтпайды. "Фортуна" кемесінің Даниядағы таяз суларда жұмыс істеу-істемеуі немесе оның терең суларға бағыт алуы құрылыс қарқыны мен қажетті кемелер санын анықтайтын болады.

"Газпром" меншік иелерінің тізбегін өзгерту арқылы санкциялардың салдарын барынша азайтуға тырысып жатыр. Жұмысқа қатысатын барлық кемелер иелерін ауыстырды. Сол баяғы "Академик Чарский" бұрын "Газпромфлотқа" тиесілі болса, енді оның егесі – Самара энергетикалық қоры. Мәселе бұл меншікті мейлінше өзінен аулақ етуде", - деп түсіндірді Ресей үкіметі жанындағы Қаржы университетінің сарапшысы, Ұлттық энергетикалық қауіпсіздік қорының жетекші аналитигі Игорь Юшков.

Алайда, оның айтуынша, егер құрылыстың аяқталуына қатысты барлығы түсінікті болса, оны іске қосу кезеңінде қиындықтар туындауы мүмкін. Себебі, АҚШ-тың 2021 жылға арналған қорғаныс бюджетіне енгізілген жаңа санкциялар газ құбырына қызмет көрсету және оны пайдалануға қатысты. Олар қатал болуы әбден мүмкін. Мұнда көп нәрсе еуропалықтардың газды айдауға және пайдалануға рұқсат беру-бермеуіне байланысты болмақ.

Жаңалықтар
0