Әлем

"Фортуна" кемесі "Солтүстік ағын – 2" құрылысына тартылуы мүмкін

© Sputnik / Алексей Витвицкий / Медиабанкке өту"Солтүстік ағын – 2" газ құбырының құрылысы
Солтүстік ағын – 2 газ құбырының құрылысы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Германияның федералдық кеме қатынасы және гидрография ведомствосы 31 желтоқсанға дейін "Фортуна" Балтық теңізінің оңтүстік бөлігінде жұмыстар жүргізетінін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан – Sputnik. "Солтүстік ағын – 2" құрылысын аяқтау үшін қолданылуы мүмкін "Фортуна" кемесі газ құбырына қарай шығысқа бет алып, Цингст жартылай аралына жақын маңдағы ашық теңізге табан тіреді. Бұл кемелерді бақылауға арналған Marine Traffic мәліметіне сәйкес белгілі болды, деп жазады РИА Новости.

Строительство газопровода  - Sputnik Қазақстан
Әлем
Сарапшы "Солтүстік ағын–2" жобасына қатысты Байденнен не күтуге болатынын айтты
5 желтоқсанда кеме Германияның Висмар портынан шығып, Ростокқа бет алды. Алайда, сол күні кешірек құбыр жүргізуге арналған су көлігі Висмар маңындағы ашық теңізде тоқтады. 9 желтоқсанда күндізгі уақытта "Фортуна" қозғалысын қайта жалғастырып, кешке Росток портына келді.

5 желтоқсанда Германияның Федералдық кеме қатынасы және гидрография ведомствосы (BSH) 31 желтоқсанға дейін "Фортуна" Балтық теңізінің оңтүстік бөлігінде, Адлергрунд пен Одер таяз сулары арасындағы аймақта жұмыстар жүргізетінін хабарлады.

"Солтүстік ағын – 2" Балтық теңізі арқылы Ресей жағалауынан Германияға дейінгі аралықта жалпы қуаттылығы жылына 55 миллиард текше метр газды құрайтын қос газ құбырының құрылысын қарастырады. Өзінің сұйытылған газын Еуроодаққа тасымалдайтын АҚШ, сондай-ақ, Украина мен бірқатар Еуропа елдері жобаға белсенді қарсылық білдіруде. 2019 жылдың желтоқсанында Америка Құрама Штаттары газ құбырына санкциялар енгізді. Соның салдарынан Швейцарияның Allseas компаниясы газ құбырларын төсеуді тоқтатуға мәжбүр болды.

Жаңалықтар
0