Қоғам

Қазақстанда 313 мыңнан астам адам екпе салдырды: қай өңірлер көш бастап тұр

Вакцина қабылдаған адамдардың ең көбі – Алматы қаласында, ал ең азы – Маңғыстау облысында тіркелген
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Бүгінге дейін Қазақстанда 313 611 адам коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Сондай-ақ, екпенің екінші дозасын елдің 104 889 тұрғыны салдырған.

Вакцина қабылдаған адамдардың ең көбі Алматы қаласында тіркелді (69 690 адам – бірінші дозасын, 14 328 адам – ​​екінші дозасын алды).

Одан кейінгі орында Түркістан облысы тұр (28 897 адам – бірінші, 11 569 адам – екінші дозасын салдырған). Рейтингтік көрсеткіштің содан кейінгі тізбегінде 28 341/8 606 дерегімен Нұр-Сұлтан қаласы орналасқан.

Екпе салдырғандардың ең азы – Маңғыстау облысында тіркелген. Бұл өкірдегі көрсеткіш – 6 691 және 1 072 адам.

Оқи отырыңыз: Екпе егілген қазақстандықтарда вакцинация паспорты пайда болды

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакциналау 1 ақпанда басталды. Екпені ең алдымен медицина қызметкерлері мен мұғалімдер және тәртіп сақшылары қабылдады. Ал сәуір айында көпшілік үшін екпе салдыру қолджетімдігілі артты.