НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз – Sputnik. Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның екі дозасын алған азаматтардың вакцинация паспорты пайда болды. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ол вакцинация паспорты "Спутник V" вакцинасының екі дозасын қазақстандықтарға қолжетімді екенін атап өтті.
"Егер сіз eGov mobile қолданушысы болсаңыз, телефонда қосымшасы болса, өзіңіздің жеке парақшаңызға кіріп, жеке мәліметтер, цифрлық құжаттар деген бөлімге өтесіз. Ол жерде вакцинация паспорты көрсетіледі. Сізге вакцина қашан және қай мекемеде салынғаны, мәліметті енгізген жауапты дәрігер туралы ақпарат болады. Бұл базада аталған механизм іске қосылып тұр", - деді Қиясов онлайн баспасөз мәслихатында.
Айтуынша, электронды құжаттағы ақпарат әзірге тек қазақ және орыс тілдерінде. Министрлік мәліметтерді ағылшын тіліне де аударуды жоспарлап отыр.
"Бұл шешілетін мәселе, сол себепті, менің ойымша, жақын арада жүзеге асырылады. Бұдан бөлек, қосымшаға кірген кезде, вакцинация паспортынан QR-кодты шығарып алу мүмкіндігі бар", - деді бас санитар дәрігер.