НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Бүгінге дейін Қазақстанда 313 611 адам коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Сондай-ақ, екпенің екінші дозасын елдің 104 889 тұрғыны салдырған.
Вакцина қабылдаған адамдардың ең көбі Алматы қаласында тіркелді (69 690 адам – бірінші дозасын, 14 328 адам – екінші дозасын алды).
Одан кейінгі орында Түркістан облысы тұр (28 897 адам – бірінші, 11 569 адам – екінші дозасын салдырған). Рейтингтік көрсеткіштің содан кейінгі тізбегінде 28 341/8 606 дерегімен Нұр-Сұлтан қаласы орналасқан.
Екпе салдырғандардың ең азы – Маңғыстау облысында тіркелген. Бұл өкірдегі көрсеткіш – 6 691 және 1 072 адам.
Оқи отырыңыз: Екпе егілген қазақстандықтарда вакцинация паспорты пайда болды
Айта кетейік, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакциналау 1 ақпанда басталды. Екпені ең алдымен медицина қызметкерлері мен мұғалімдер және тәртіп сақшылары қабылдады. Ал сәуір айында көпшілік үшін екпе салдыру қолджетімдігілі артты.