Фото

Онлайн-самурай: Токиодағы жауынгерлік өнер шебері виртуалды мектеп ашты – фото

Sputnik

Токио Олимпиадасын кейінге қалдыруға себепші болған коронавирус жапониялық танымал жауынгерлік өнер шеберін өз ісін пандемиялық шектеулерге икемдеуге ықпал етті.

"Жауынгер биі" – Бугакуды ойлап тапқан Косиро Минамото ұлттық жауынгерлік өнер түрлерін 2020 жылғы Олимпиада ойындары кезінде насихаттауды жоспарлаған болатын.

Ол жауынгерлік өнерді отыз бес жыл бойы меңгеріп, өзі ойлап тапқан бағытты он жылдан астам басқаларға үйретіп келеді. 2019 жылы Олимпиада қарсаңында ол өз мектебіндегі жөндеу жұмыстарына ауқымды қаражат жұмсап, мұнда шетелдік жанкүйерлер мен туристерге Бугаку үйретуді жоспарлаған.

Оқи отырыңыз: Жапонияда жазғы Олимпиада ойындарының алау эстафетасы басталды – фото

Бірақ Халықаралық Олимпиада комитетінің спорт шарасын кейінге қалдыру туралы шешімі, одан кейін шетелдік жанкүйерлердің төрт жылда бір болатын жарысқа қатысудан бас тартуы Минамото жоспарының күл-талқанын шығарды.

Қиындықтан мойымаған ұстаз бұл қысылтаяңнан шығу мақсатында техникалық мүмкіндіктерді пайдаланып, қашықтан оқытатын мектеп ұйымдастырды.

Қазір оның шәкірттері танымал онлайн-платформада бірлескен жаттығулар жасайды. Алайда Минамотоның пікірінше, онлайн үйрету барысында шәкірттердің қимыл-қозғалысын түзеу қиын. Бұл ұзақ уақыт бойы түсіндіруді талап етеді.

1 / 8
"Жауынгер биі" Бугакуды ойлап тапқан Косиро Минамото ұлттық жауынгерлік өнер түрлерін 2020 жылғы Олимпиада ойындары кезінде насихаттау жоспарын іске асыра алмады.
2 / 8
О баста ол өз мектебіне жауынгерлік өнерді үйренгісі келетін шетелдік жанкүйерлер мен туристер келеді деп жоспарлады.
3 / 8
Минамото Олимпиада-2020 қарсаңында өз мектебінің ғимаратына күрделі жөндеу жүргізді. Бірақ пандемия жоспарды түбегейлі өзгертуге мәжбүрледі.
4 / 8
35 жыл бойы жауынгерлік өнерді меңгерген азамат қол қусырып отыра алмады. Қазір ол қашықтан оқыту арқылы самурайлар тарихы мен өмірі жайлы әлемнің түрлі елдерінен жиналған студенттерге сабақ беруде.
5 / 8
Өз өмірін ұлттық жауынгерлік өнер түріне арнаған Комиро Минамото планшет немесе ұялы телефон арқылы-ақ өз шәкірттерін баурап алады.
6 / 8
Көне дәстүр мен заманауи технологияларды үйлестіре отырып, энтузиаст ұстаз өз шәкірттеріне каллиграфиялық жазбалар жазуды және семсермен жаттығулар кешенін орындауды үйретіп жүр.
7 / 8
Самурай семсерлерінің коллекциясы - Косиро Минамотоның ерекше мақтанышы.
8 / 8
Минамото ойлап тапқан Бугаку, яғни "жауынгер биі" дәстүрлі жапон операсының музыкасы және семсерлесуді біріктіреді.