Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Онлайн-самурай: Токиодағы жауынгерлік өнер шебері виртуалды мектеп ашты – фото

Жазылу
Жапониялық жауынгерлік өнер шебері онлайн сабақ беріп жүр. Ол музыка мен қоян-қолтық ұрысты біріктіретін жаңа бағыт ойлап тапқан

Токио Олимпиадасын кейінге қалдыруға себепші болған коронавирус жапониялық танымал жауынгерлік өнер шеберін өз ісін пандемиялық шектеулерге икемдеуге ықпал етті.

"Жауынгер биі" – Бугакуды ойлап тапқан Косиро Минамото ұлттық жауынгерлік өнер түрлерін 2020 жылғы Олимпиада ойындары кезінде насихаттауды жоспарлаған болатын.

Ол жауынгерлік өнерді отыз бес жыл бойы меңгеріп, өзі ойлап тапқан бағытты он жылдан астам басқаларға үйретіп келеді. 2019 жылы Олимпиада қарсаңында ол өз мектебіндегі жөндеу жұмыстарына ауқымды қаражат жұмсап, мұнда шетелдік жанкүйерлер мен туристерге Бугаку үйретуді жоспарлаған.

Оқи отырыңыз: Жапонияда жазғы Олимпиада ойындарының алау эстафетасы басталды – фото

Бірақ Халықаралық Олимпиада комитетінің спорт шарасын кейінге қалдыру туралы шешімі, одан кейін шетелдік жанкүйерлердің төрт жылда бір болатын жарысқа қатысудан бас тартуы Минамото жоспарының күл-талқанын шығарды.

Қиындықтан мойымаған ұстаз бұл қысылтаяңнан шығу мақсатында техникалық мүмкіндіктерді пайдаланып, қашықтан оқытатын мектеп ұйымдастырды.

Қазір оның шәкірттері танымал онлайн-платформада бірлескен жаттығулар жасайды. Алайда Минамотоның пікірінше, онлайн үйрету барысында шәкірттердің қимыл-қозғалысын түзеу қиын. Бұл ұзақ уақыт бойы түсіндіруді талап етеді.

© REUTERS / Kim Kyung-Hoon"Жауынгер биі" Бугакуды ойлап тапқан Косиро Минамото ұлттық жауынгерлік өнер түрлерін 2020 жылғы Олимпиада ойындары кезінде насихаттау жоспарын іске асыра алмады.
Онлайн-уроки японского инструктора по боевым искусствам в Токио - Sputnik Қазақстан
1/8
"Жауынгер биі" Бугакуды ойлап тапқан Косиро Минамото ұлттық жауынгерлік өнер түрлерін 2020 жылғы Олимпиада ойындары кезінде насихаттау жоспарын іске асыра алмады.
© REUTERS / Kim Kyung-HoonО баста ол өз мектебіне жауынгерлік өнерді үйренгісі келетін шетелдік жанкүйерлер мен туристер келеді деп жоспарлады.
Онлайн-уроки японского инструктора по боевым искусствам в Токио - Sputnik Қазақстан
2/8
О баста ол өз мектебіне жауынгерлік өнерді үйренгісі келетін шетелдік жанкүйерлер мен туристер келеді деп жоспарлады.
© REUTERS / Kim Kyung-HoonМинамото Олимпиада-2020 қарсаңында өз мектебінің ғимаратына күрделі жөндеу жүргізді. Бірақ пандемия жоспарды түбегейлі өзгертуге мәжбүрледі.
Онлайн-уроки японского инструктора по боевым искусствам в Токио - Sputnik Қазақстан
3/8
Минамото Олимпиада-2020 қарсаңында өз мектебінің ғимаратына күрделі жөндеу жүргізді. Бірақ пандемия жоспарды түбегейлі өзгертуге мәжбүрледі.
© REUTERS / Kim Kyung-Hoon35 жыл бойы жауынгерлік өнерді меңгерген азамат қол қусырып отыра алмады. Қазір ол қашықтан оқыту арқылы самурайлар тарихы мен өмірі жайлы әлемнің түрлі елдерінен жиналған студенттерге сабақ беруде.
Онлайн-уроки японского инструктора по боевым искусствам в Токио - Sputnik Қазақстан
4/8
35 жыл бойы жауынгерлік өнерді меңгерген азамат қол қусырып отыра алмады. Қазір ол қашықтан оқыту арқылы самурайлар тарихы мен өмірі жайлы әлемнің түрлі елдерінен жиналған студенттерге сабақ беруде.
© REUTERS / Kim Kyung-HoonӨз өмірін ұлттық жауынгерлік өнер түріне арнаған Комиро Минамото планшет немесе ұялы телефон арқылы-ақ өз шәкірттерін баурап алады.
Онлайн-уроки японского инструктора по боевым искусствам в Токио - Sputnik Қазақстан
5/8
Өз өмірін ұлттық жауынгерлік өнер түріне арнаған Комиро Минамото планшет немесе ұялы телефон арқылы-ақ өз шәкірттерін баурап алады.
© REUTERS / Kim Kyung-HoonКөне дәстүр мен заманауи технологияларды үйлестіре отырып, энтузиаст ұстаз өз шәкірттеріне каллиграфиялық жазбалар жазуды және семсермен жаттығулар кешенін орындауды үйретіп жүр.
Онлайн-уроки японского инструктора по боевым искусствам в Токио - Sputnik Қазақстан
6/8
Көне дәстүр мен заманауи технологияларды үйлестіре отырып, энтузиаст ұстаз өз шәкірттеріне каллиграфиялық жазбалар жазуды және семсермен жаттығулар кешенін орындауды үйретіп жүр.
© REUTERS / Kim Kyung-HoonСамурай семсерлерінің коллекциясы - Косиро Минамотоның ерекше мақтанышы.
Онлайн-уроки японского инструктора по боевым искусствам в Токио - Sputnik Қазақстан
7/8
Самурай семсерлерінің коллекциясы - Косиро Минамотоның ерекше мақтанышы.
© REUTERS / Kim Kyung-HoonМинамото ойлап тапқан Бугаку, яғни "жауынгер биі" дәстүрлі жапон операсының музыкасы және семсерлесуді біріктіреді.
Онлайн-уроки японского инструктора по боевым искусствам в Токио - Sputnik Қазақстан
8/8
Минамото ойлап тапқан Бугаку, яғни "жауынгер биі" дәстүрлі жапон операсының музыкасы және семсерлесуді біріктіреді.
Жаңалықтар
0