Компьютерлік графиканың таңғаларлық түрі саналатын фракталды өнер математикамен, табиғатпен және технологиямен тығыз байланысты.
Латын тілінен аударғанда ұсақталған, сынған, бөлінген дегенді білдіретін "фрактал" ұғымы алғаш рет 1975 жылы пайда болды.
Бұл ұғымды енгізген ғалым Бенуа Мандельброт табиғаттың өзі осы туындыларды қалыптастыратынын айтты. Ол жапырақтағы ирек сызық, қар ұшқыны, терезедегі өрнек, гүлдер мен жемістер фракталды құрылымға ие екенін алға тартты.
Оқи отырыңыз: Өткенге үңілу - өнегелі іс: Нұр-Сұлтан ғимараттарындағы мозаикалар – фото
Математикалық термин қалайша өнердің бір бөлшегіне айналды? Технологияның дамуымен бірге зерттеушілер математикалық теңдеулерді әдемілігі көз тартарлық картиналарға айналдырды.
Осы бағытта еңбек етіп жүрген суретші ретінде Джулиус Хорстуисті атауға болады. Оның алғашқы "фракталды" инсталляциясы 2013 жылы пайда болды.
Джулиус ұзақ уақыт бойы киностудиялармен бірге жұмыс істеді. Оларға визуалды эффектілер дайындады. Енді соңғы үш жылдан бері ол фракталды көркем сурет бағытында еңбек етуде.
Табиғат геометриясы мінсіз кейіпке енетін Джулиус Хорстуистің фантастикалық әлемімен таныса отырыңыз.