Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Танымал суретші Джулиус Хорстуистың таңғажайып әлемі – фото

Жазылу
Өзін "фракталды суретші" деп атайтын өнер иесінің туындылары таңғажайып көрнектілігімен ешкімді бей-жай қалдырмайды

Компьютерлік графиканың таңғаларлық түрі саналатын фракталды өнер математикамен, табиғатпен және технологиямен тығыз байланысты.

Латын тілінен аударғанда ұсақталған, сынған, бөлінген дегенді білдіретін "фрактал" ұғымы алғаш рет 1975 жылы пайда болды.

Бұл ұғымды енгізген ғалым Бенуа Мандельброт табиғаттың өзі осы туындыларды қалыптастыратынын айтты. Ол жапырақтағы ирек сызық, қар ұшқыны, терезедегі өрнек, гүлдер мен жемістер фракталды құрылымға ие екенін алға тартты.

Оқи отырыңыз: Өткенге үңілу - өнегелі іс: Нұр-Сұлтан ғимараттарындағы мозаикалар – фото

Математикалық термин қалайша өнердің бір бөлшегіне айналды? Технологияның дамуымен бірге зерттеушілер математикалық теңдеулерді әдемілігі көз тартарлық картиналарға айналдырды.

Осы бағытта еңбек етіп жүрген суретші ретінде Джулиус Хорстуисті атауға болады. Оның алғашқы "фракталды" инсталляциясы 2013 жылы пайда болды.

Джулиус ұзақ уақыт бойы киностудиялармен бірге жұмыс істеді. Оларға визуалды эффектілер дайындады. Енді соңғы үш жылдан бері ол фракталды көркем сурет бағытында еңбек етуде.

Табиғат геометриясы мінсіз кейіпке енетін Джулиус Хорстуистің фантастикалық әлемімен таныса отырыңыз.

© AFP 2024 / David Dee Delgado / Getty ImagesТанымал суретші Джулиус Хорстуис іске кіріссе, қарапайым кеңістіктің өзі фракталды өнердің қанық бояуларымен әсерлене түседі.
Посетители на выставке иммерсивных аудиовизуальных инсталляций Джулиуса Хорстуиса в ARTECHOUSE NYC в Нью-Йорке, США - Sputnik Қазақстан
1/12
Танымал суретші Джулиус Хорстуис іске кіріссе, қарапайым кеңістіктің өзі фракталды өнердің қанық бояуларымен әсерлене түседі.
© AFP 2024 / David Dee Delgado / Getty ImagesБұл саяхат барысында табиғат пен өнер үндескен таңғажайып көріністердің куәсі боласыз.
Посетители на выставке иммерсивных аудиовизуальных инсталляций Джулиуса Хорстуиса в ARTECHOUSE NYC в Нью-Йорке, США - Sputnik Қазақстан
2/12
Бұл саяхат барысында табиғат пен өнер үндескен таңғажайып көріністердің куәсі боласыз.
© AFP 2024 / David Dee Delgado / Getty ImagesМұның барлығы математикадан бастау алған. Зерттеушілер өз теңдеулерін елестетуді меңгерген кезде олар ғылымның жаңа бір тармағын ашып қана қоймай, технологияның дамуына жаңа серпін берді.
Посетители на выставке иммерсивных аудиовизуальных инсталляций Джулиуса Хорстуиса в ARTECHOUSE NYC в Нью-Йорке, США - Sputnik Қазақстан
3/12
Мұның барлығы математикадан бастау алған. Зерттеушілер өз теңдеулерін елестетуді меңгерген кезде олар ғылымның жаңа бір тармағын ашып қана қоймай, технологияның дамуына жаңа серпін берді.
© AFP 2024 / David Dee Delgado / Getty ImagesФракталды "кескіндеу өнері" – бұл ғылым, технология мен өнердің қоспасы. Көрермен бірде мұхит түбіне тереңдеп, енді бірде ғарыш кеңістігіне саяхаттайды. Бір қарасаң фэнтези әлеміне аяқ басып, фракталдар кеңістігін тамашалай алады.
Посетители на выставке иммерсивных аудиовизуальных инсталляций Джулиуса Хорстуиса в ARTECHOUSE NYC в Нью-Йорке, США - Sputnik Қазақстан
4/12
Фракталды "кескіндеу өнері" – бұл ғылым, технология мен өнердің қоспасы. Көрермен бірде мұхит түбіне тереңдеп, енді бірде ғарыш кеңістігіне саяхаттайды. Бір қарасаң фэнтези әлеміне аяқ басып, фракталдар кеңістігін тамашалай алады.
© AFP 2024 / David Dee Delgado / Getty ImagesМузыкамен сүйемелденген қайталанатын көріністердің қозғалысы ұшып бара жатқандай немесе фридайвингпен айналысқандай әсер береді.
Посетители на выставке иммерсивных аудиовизуальных инсталляций Джулиуса Хорстуиса в ARTECHOUSE NYC в Нью-Йорке, США - Sputnik Қазақстан
5/12
Музыкамен сүйемелденген қайталанатын көріністердің қозғалысы ұшып бара жатқандай немесе фридайвингпен айналысқандай әсер береді.
© AFP 2024 / David Dee Delgado / Getty ImagesНью-Йорктегі Джулиус Хорстуистың ARTECHOUSE NYC аудиовизуалды инсталляциялар көрмесіндегі әр туындысы таңғалдырады.
Посетители на выставке иммерсивных аудиовизуальных инсталляций Джулиуса Хорстуиса в ARTECHOUSE NYC в Нью-Йорке, США - Sputnik Қазақстан
6/12
Нью-Йорктегі Джулиус Хорстуистың ARTECHOUSE NYC аудиовизуалды инсталляциялар көрмесіндегі әр туындысы таңғалдырады.
© AFP 2024 / David Dee Delgado / Getty Images"Фрактал" ұғымы алғаш рет 1975 жылы математик Бенуа Мандельброттың арқасында пайда болды.
Посетители на выставке иммерсивных аудиовизуальных инсталляций Джулиуса Хорстуиса в ARTECHOUSE NYC в Нью-Йорке, США - Sputnik Қазақстан
7/12
"Фрактал" ұғымы алғаш рет 1975 жылы математик Бенуа Мандельброттың арқасында пайда болды.
© AFP 2024 / David Dee Delgado / Getty Images"Фрактал" ұғымын қолданысқа енгізген ғалым бұл көп бөлшектерді табиғат жаратылысы деп санады.
Посетители на выставке иммерсивных аудиовизуальных инсталляций Джулиуса Хорстуиса в ARTECHOUSE NYC в Нью-Йорке, США - Sputnik Қазақстан
8/12
"Фрактал" ұғымын қолданысқа енгізген ғалым бұл көп бөлшектерді табиғат жаратылысы деп санады.
© AFP 2024 / David Dee Delgado / Getty ImagesБүгінде технологиялар фракталды өнер көмегімен бүтіндей бір кеңістік пен виртуалды әлемді құрастыруға мүмкіндік береді.
Посетители на выставке иммерсивных аудиовизуальных инсталляций Джулиуса Хорстуиса в ARTECHOUSE NYC в Нью-Йорке, США - Sputnik Қазақстан
9/12
Бүгінде технологиялар фракталды өнер көмегімен бүтіндей бір кеңістік пен виртуалды әлемді құрастыруға мүмкіндік береді.
© AFP 2024 / David Dee Delgado / Getty ImagesКөп жағдайда фракталды инсталляциялар кинематографияда визуалды эффект ретінде қолданылады.
Посетители на выставке иммерсивных аудиовизуальных инсталляций Джулиуса Хорстуиса в ARTECHOUSE NYC в Нью-Йорке, США - Sputnik Қазақстан
10/12
Көп жағдайда фракталды инсталляциялар кинематографияда визуалды эффект ретінде қолданылады.
© AFP 2024 / David Dee Delgado / Getty ImagesМұндай инсталляциялар "Интерстеллар", "Бастау", "Құмырсқа адам" фильмдерінде қолданылды.
Посетители на выставке иммерсивных аудиовизуальных инсталляций Джулиуса Хорстуиса в ARTECHOUSE NYC в Нью-Йорке, США - Sputnik Қазақстан
11/12
Мұндай инсталляциялар "Интерстеллар", "Бастау", "Құмырсқа адам" фильмдерінде қолданылды.
© AFP 2024 / David Dee Delgado / Getty ImagesДжулиус Хорстуистың пікірінше бұл өнердің болашағы жарқын.
Посетители на выставке иммерсивных аудиовизуальных инсталляций Джулиуса Хорстуиса в ARTECHOUSE NYC в Нью-Йорке, США - Sputnik Қазақстан
12/12
Джулиус Хорстуистың пікірінше бұл өнердің болашағы жарқын.
Жаңалықтар
0