00:15 22 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD432.01
  • EUR518.67
  • RUB5.61
Фото

Өткенге үңілу - өнегелі іс: Нұр-Сұлтан ғимараттарындағы мозаикалар – фото

Қысқа сілтеме алу
5210
  • Бейбітшілік, 25 мекенжайындағы ғимараттың қасбетіндегі мозаика фрагменті
  • Степан Кубрин көшесіндегі 23-ші үйдің жанындағы саябақтағы трансформаторлы шағын станцияның бетіндегі кескіндеме
  • Бұрынғы полиграфиялық комбинаттың ғимаратындағы Баспа мозаикалық панносы.
  • Бұрынғы полиграфиялық комбинаттың ғимаратындағы Баспа мозаикалық панносы.
  • Ескі теміржол вокзалының ғимаратындағы мозаикалық панно.
  • Кенесары мен Бейсекбаев көшелерінің қиылысында орналасқан №16 мектептің қасбетіндегі мозикалық панно.
  • Бараев көшесіндегі тұрғын үйдің бүйір жақ қабырғасындағы сграффито.
  • Казахсельмаш зауытының ғимаратындағы мозикалық панно.
  • №32 мектеп-гимназиясы
  • Бұрынғы полиграфиялық комбинаттың ғимаратындағы Ғарыш мозаикалық панносы.
  • Бейбітшілік, 25 мекенжайындағы ғимараттың қасбетіндегі мозаика фрагменті.
  • Кеңес кезіндегі қасбет
  • Абылай хан даңғылындағы тұрғын үйдің бүйір жақ қабырғасындағы мозаика.
  • мозаика фрагменті
  •  Нұр-Сұлтандағы Ресейдің ғылым мен мәдениет орталығы ғимаратының витражы
  • Нұр-Сұлтандағы Турист қонақ үйінің кіреберіс беті.
  • Нұр-Сұлтандағы Турист қонақ үйінің қасбетіндегі витражды панно элементі.
  • Нұр-Сұлтандағы Турист қонақ үйінің қасбетіндегі витражды панно элементі.
© Sputnik / Абзал Калиев
Елордада онға жуық кеңестік мозаика сақталған. Суретте: Бейбітшілік, 25 мекенжайындағы ғимараттың қасбетіндегі мозаика фрагменті.

Қазақстан астанасында онға жуық кеңестік мозаика сақталған. Сондай-ақ, бас қалада құйылмалы витраж, кескіндеме және рельеф техникасында әзірленген кеңестік монументалды өнердің он шақты үлгісі бар

Кеңестік Целиноград кезіндегі көптеген қызықты монументалды жұмыстардың көзі жойылған. Бұл жөнінде Sputnik Қазақстанға "Fading.TSE: Астана ретроспективасы" жобасының жетекшісі Теміртас Ысқақов әңгімелеп берді.

"Целиноград электр-құрылыс желісі" ғимаратындағы, музыкалық мектептегі пошта үйіндегі мозаикалар Михаил Антонюктікі. Соңғы жұмысты ол Василий Товтинмен бірге әзірлеген. Сол сияқты қалалық алаң мен "Жастар" сарайының жанындағы смальтадан жасалған мозаика мен рельефті фонтандарды Юрий Александров салған. 2000 жылы бұзылған Салтанат сарайының интерьеріндегі ағаш мозаикалар Василий Товтинның маркетриі", - деді Ысқақов.

Салтанат сарайы Республика–Иманов көшелерінің қиылысында орналасқан болатын. Маманның айтуынша, ол өнер синтезінің айқын үлгісі еді.

Целиноградский Дворец торжественных обрядов. 1982 год
© Photo : предоставлено Темиртасом Искаковым
Целиноград салтанатты рәсімдер сарайы, 1982 жыл

"Қала тұрғындары бой көтергеніне небәрі 18 жыл болған ғимаратты бұзудың не қажеттілігі болғанын әлі де түсінбейді. Енді қиратқан сарайдың орнына сауда ойын-сауық сарайын салып біте алмай жатқандарына 20 жылдан асты", - деді Ысқақов.

Тек бір мозаика ғана заңмен қорғалады

Ысқақовтың айтуынша, елорадада жұрт назарына ие және үлкен қызығушылық тудыратын онға жуық кеңестік мозаика бар. Сол сияқты тек сәндік мақсатта қолданылатын бірнеше мозаика сақтаулы.

"Өкінішке қарай, мозаикаларды сақтап қалумен мақсатты түрде қалада ешкім айналыспайды, бұл бекер. Себебі, олар тарихи-мәдени, технологиялық, білім мен көркем өнер көзқарасынан да, ұжымдық құрмет нысаны ретінде де өте бағалы артефактар бола алады. Заңмен қорғалатын, ресми түрде ескерткіштер қатарына жатқызылған, яғни, жергілікті маңызда тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне кіретін жалғыз мозаика бар. Ол – Бейбітшілік даңғылындағы "Өркен" бизнес-ортлығының қасбетіндегі екі мозаикалық панно", - деп атап өтті Ысқақов.

Оның айтуынша, басқа мозаикалар бүлініп жатыр. Себебі, оларға күтім жасалып жатқан жоқ.

"Оларға демонтаж жүргізуге, сырлап тастауға немесе қаптауға болады. Яғни, барлық мозаикалық панно мен басқа да монументалды жұмыстардың тағдыры ғимарат иесінің қолында тұр", - деді Ысқақов.

"Баспа үйіндегі" мозаика сыры

"Баспа" мозаикалық панносы бұрынғы полиграфиялық комбинат ғимаратының қасбетінде орналасқан. Авторлары – целиноградтық суретшілер Михаил Антонюк пен Василий Товтин. Олар ашық тұрған кітап бетінен кеңестік басылым атаулары жазылған парақтар ұшып жатқанын және оның жанында тұрған ұл мен қызды бейнелеген. Композициялық орталықтың оң және сол жағында ақындар мен жазушылардың бейнесі кескінделген.

Ысқақов бұл мозаиканың жұмбағын шешіп, қандай тұлғалар бейнеленгенін ішінара анықтау мүмкін болғанын айтты.

"Туындының авторы Михаил Антонюктің әріптестері және отбасымен сұқбаттасудың арқасында "Баспа" панносында тек танымал ақын-жазушылар ғана емес, мысалы, Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметова, Тұмар патшайым, сондай-ақ, суретшілер өз әріптестері – архитектор Ерғали Нұрмағамбетов пен суретші Алексей Порунинді де бейнелегенін білдік. Қазір қайсысы кім екенін айту мүмкін емес шығар. Себебі, бүгінде панно авторлары арамызда жоқ", - деді Ысқақов.

Мозаичное панно Печать на фасаде здания бывшего полиграфического комбината (Бейбiтшiлiк 25)
© Sputnik / Абзал Калиев
Бұрынғы полиграфиялық комбинат ғимаратының қасбетіндегі "Баспа" мозаикалық панносы

Ол көрермен өзі қалаған адамның бейнесін көре алуы да бұл мозаикаға ерекшелік беретінін айтты.

"Оған ұзақ қарап тұрып, әркез жаңа бейнені көруге болады. Яғни, панноны бір көрген адам келесі жолы тіпті басқа адамды көз алдына елестетуі мүмкін. Менің ойымша, суретші дарынының нағыз сән-салтанаты да осында", - деді Ысқақов.

Ол "Fading.TSE: Астана ретроспективасы" жобасы жұмыстарды зерттеу кезінде Суретшілер одағы көрмелерінің каталогына, авторлардың өмірбаянына, архитектура анықтамалығына және өлкетану монографияларына сүйенетінін айтты.

"Егер, автордың кім екенін білсек, оның әріптестерімен, шәкірттерімен кеңесеміз. Қандай да бір өнер туындысы туралы қала тұрғындарының естеліктері де маңызды ақпаратқа толы. Мысалы, "Жастар" сарайының қабырғасында бейнеленген адамдардың арасында целиноградтық Жастар сарайының құрылысшылары да бар екен. Сол сияқты, №14 мектеп-гимназияның мозаикасында да автор мектеп мұғалімдері мен оқушыларын кейіпкер етіп таңдаған", - деді Ысқақов.

Мозаикалық панноны сақтауды маңызы неде

Walking Almaty және Monumental Kazakhstanжобаларының авторы және зерттеуші Дэннис Кин мозаикалық панноның өнегелік және тәрбиелік құндылығы бар екенін айтты. Ол көп жылдан бері Қазақстанның монументалды өнерін зерттеумен айналысады.

Мозаичное панно во дворе Жастар
© Photo : предоставлено Темиртасом Искаковым
"Жастар" сарайындағы мозаикалық панно

"Қазақстандағы монументалды өнердің басым бөлігінде идеологиялық астар болғанын түсіну керек. Яғни, коммунистік партия, Кеңес Одағы және тағы басқалардың бейнесі. Олар әдетте жалпы гуманистік тақырыптарға арналды: білім беру, денсаулық сақтау, бос уақытты өткізу, мәдениетті сақтау және тағы басқа. Бұл бағытта олар бүгінгі күні де өзекті. Екіншіден, туындылардың материалдық құндылығы бар. Себебі, оларды смальт сияқты сапалы және қымбат материалдарды қолдану арқылы талантты шеберлер дайындаған", - деді Дэннис Кин.

Ол барлық жұмыстар бірдей материалдық жағынан құнды емес екенін және көрермен үшін тартымды бола бермейтінін ескертті. Сондай-ақ, Киннің айтуынша, туындылардың өткен дәуірді еске салатын естелік нысаны ретінде де тарихи маңызы бар.

Кілт сөздер:
фото
Загрузка...

Басты тақырып