Фото

Жапонияда жазғы Олимпиада ойындарының алау эстафетасы басталды – фото

Sputnik

Токиодағы Олимпиада ойындары осы жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтеді. Олимпиада алауы Фукусима префектурасындағы J-Village футбол орталығының аумағында тұтатылды.

Осылайша, жазғы Олимпиада ойындарына дейінгі төрт айдың кері санағы басталды.

Елдегі коронавирусқа қарсы шаралардың күшіне енуіне байланысты олимпиада алауының эстафетасын бастау салтанатына көрермендер қатысқан жоқ.

Ал алдын ала жоспар бойынша бұл шараға бас-аяғы үш мыңға жуық адамның қатысуы көзделді.

Оқи отырыңыз: Токио Олимпиадасының медалі қандай болады – алғашқы суреттер жарияланды

Жапония билігі инфекцияның таралу қаупі жоғары болғандықтан аталған шараның ауқымын едәуір қысқартты.

Алауды алып жүретін эстафета кезінде де сақтық шаралары қатаң сақталатын болады. Эстафета 121 күнге созылады.

1 / 12
Эстафета алауы Грекиядан олимпиада алауымен бірге жеткізілген шамдалдың көмегімен тұтатылды. Суретте: 2021 жылдың 25 наурызында олимпиада алауының эстафетасы басталған сәттегі Олимпиада ойындары 2020 ұйымдастыру комитетінің басшысы Сэйко Хасимото.
2 / 12
Токиодағы Олимпиада 2020 жылдың шілде-тамыз айларында өтуі тиіс болатын. Бірақ коронавирус пандемиясына байланысты ол кейінге шегерілді. Суретте: Фукусима префектурасында эстафета бастау алған сәттегі Жапонияның ұлттық әйелдер футбол командасының мүшесі
3 / 12
2021 жылдың жазында Токиода өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындарына көрермендер қатыспайды. Суретте: эстафета кезінде олимпиада алауын ұстаған факел ұстаушы.
4 / 12
Олимпиада 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтеді. "Токио – 2020" атауы өзгермейді. Суретте: Фукусима префектурасында алау эстафетасының басталуы кезінде өнер көрсеткен бишілер.
5 / 12
Олимпиада алауының эстафетасы 121 күнге созылады. Суретте: Фукусима префектурасындағы эстафета кезіндегі балалар.
6 / 12
Алау күншығыс еліндегі 47 префектурадағы 859 муниципалитет арқылы өтеді. Суретте: эстафета кезінде алау ұстаушылар күзет қоршауымен жылжып келеді.
7 / 12
Жапониядағы Фукусима префектурасында Олимпиада алауының эстафетасы кезінде оркестр мүшесі музыкалық аспапта ойнап тұр.
8 / 12
Фукусима префектурасындағы Олимпиада алауының эстафетасы, 2021 жыл, 25 наурыз.
9 / 12
Эстафетаға 10 мыңға жуық адам қатысады. Суретте: Токио-2020 Олимпиада алауы эстафетасы кезінде қолына жазу тақтайшасын ұстаған ер адам.
10 / 12
Эстафета кезіндегі жапондар гүлдеген шие ағашының жанында тұр.
11 / 12
Фукусима префектурасындағы эстафета кезінде Олимпиада алауын ұстаған жапондар.
12 / 12
Бұл шара коронавирус инфекциясының таралуына жол бермейтін барлық сақтық шараларын қатаң сақтаумен ұйымдастырылды. Суретте: Фукусима префектурасындағы эстафета кезіндегі балалар.